Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.04.2026
14
* * *
Ақ көрпемен күнәсін жапқан бәрі,
Сағынады ол өткенді, тәтті арманы.
Көк шыбындай дуалап аспан жақтан,
Мезгілсіз Жерге төнед(і) ақпан қары.
Білемін мен, сағынады ол өктем күнін,
Сұрай ма екен, дәл сендей көктен сырын.
Мен қимаған жапырақ, өткен күзгі...
Сүйе ме екен дәл мендей көктем нұрын?!
Ақ тырнадай ақша бұлттар тізіліп,
Көк айдынын құстар ұрттап үзіліп,
Гүлдер шерін қайта жиып ішіне,
Сыйлай кетті, мына жұртқа жүз үміт...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇