14.03.2026
  37


Сұлулық стандарты: әлеуметтік желі қыздардың психологиясына қалай әсер етеді?

Кіріспе


Қазіргі қоғамда сұлулық ұғымы бұрынғыдан өзгеше сипатқа ие болды. Әсіресе әлеуметтік желілер бұл түсінікті түбегейлі өзгертіп, жаңа “идеал” қалыптастырды. Instagram мен TikTok-та мінсіз бет-әлпет, мінсіз дене бітімі көрсетілетін бейнелер мен фотолар қыздардың өзін-өзі қабылдауына үлкен әсер етуде. Алайда бұл «идеал» шынайы өмірге қаншалықты жақын?


 


Негізгі бөлім


Әлеуметтік желілерде жарияланатын фотосуреттер мен видеолардың көпшілігі түрлі фильтрлер мен өңдеулерден өтетіні белгілі. Соның нәтижесінде жасанды түрде жасалған сұлулық стандарттары пайда болады. Психолог мамандардың айтуынша, мұндай бейнелерді жиі көру жас қыздардың өзін өзгелермен салыстыруына алып келеді. Нәтижесінде өзіне деген сенім төмендеп, сырт келбетіне қанағаттанбау сезімі туындайды.


 


Кейбір қыздар әлеуметтік желідегі «идеал» бейнеге ұқсау үшін түрлі косметикалық процедуралар мен пластикалық операцияларға жүгінуге дайын. Бұл жағдай қоғамда сұлулықты тек сыртқы келбетпен өлшеу тенденциясын күшейтіп отыр. Ал шын мәнінде адамның құндылығы тек сыртқы көрініспен шектелмейді.


 


Мамандардың пікірінше, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану өте маңызды. Жастарға өзін өзгелермен салыстырудың қажеті жоқ екенін түсіндіру, табиғи сұлулық пен өзін-өзі қабылдау мәдениетін қалыптастыру қажет.


 


Қорытынды


Әлеуметтік желілер заманында сұлулық стандарты бұрынғыдан да күшейе түсті. Дегенмен, әр адамның өзіндік ерекшелігі бар екенін ұмытпау керек. Шынайы сұлулық – мінсіз бейнеде емес, адамның өз болмысын қабылдап, өзіне сенімді болуында. Сондықтан жастар әлеуметтік желідегі жалған идеалдарға емес, өздерінің даралығына мән бергені жөн.


 


Ануарбекқызы Інжу


“Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің”10-сынып оқушысы


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу