Әңгімелер ✍️
«Трендке айналған өмір: біз өзіміз үшін өмір сүріп жүрміз бе, әлде тренд үшін бе?»
Лид
Соңғы жылдары әлеуметтік желілер адамның өмір салтына үлкен ықпал ете бастады. Бүгінде жастар ғана емес, ересектер де түрлі трендтерді бақылап, соған бейімделуге тырысады. Киім үлгісі, тамақтану мәдениеті, демалыс форматы – барлығы әлеуметтік желіде танымал болған бағыттарға тәуелді болып бара жатқандай. Бұл құбылыс қоғамда маңызды сұрақ тудырады: адамдар өз өмірін шынайы қалауы бойынша сүріп жүр ме, әлде трендтің ықпалымен өмір сүруге мәжбүр ме?
Негізгі бөлім
Статистикалық деректерге сүйенсек, қазіргі жастардың басым бөлігі уақытын әлеуметтік желіде өткізеді. Әлемдік зерттеулерге сәйкес, жасөспірімдер күніне орта есеппен 3–5 сағат уақытын түрлі платформаларда өткізеді. Бұл көрсеткіш әлеуметтік желілердің адамның ойлауына, мінез-құлқына және өмір салтына тікелей әсер ететінін көрсетеді.
Психолог мамандардың айтуынша, әлеуметтік желідегі трендтер адамдардың өзін-өзі бағалауына да әсер етеді. Психологтардың пікірінше, адам үнемі басқалардың жетістігін, әдемі өмірін көргенде, өз өмірін солармен салыстыра бастайды. Соның нәтижесінде «бәрі осылай өмір сүруі керек» деген жалған түсінік қалыптасуы мүмкін.
Өзіміз білетін,Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те білім берудің тиімді жолын іздемей,әр қадамын видеоға түсіріп,тренд қуатын директорлардыда сынға алды.Депутат жасандылықпен айналысатын директорлар жайлы Adal Adam Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.
Олардың айтуынша, қазіргі ақпараттық кеңістікте танымал болу оңай болғанымен, жеке тұлға ретінде қалыптасу әлдеқайда күрделі. Себебі трендтер тез өзгереді, ал адамның өмірлік құндылықтары тұрақты болуы керек.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, трендтер – уақытша құбылыс. Олар қоғамның мәдениеті мен өмір салтына белгілі бір дәрежеде әсер еткенімен, адамның жеке өмірінің басты өлшеміне айналмауы тиіс. Әр адам ең алдымен өз қызығушылығы мен құндылығына сүйеніп өмір сүргенде ғана шынайы бақытқа жете алады. Сондықтан трендке ілесу емес, өз жолыңды табу – қазіргі қоғамдағы ең маңызды міндеттердің бірі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇