Әңгімелер ✍️
ҰБТ-ға 10 күн қалғанда өмірімді өзгерттім
Мен қалай ҰБТ-ға 10 күн қалғанда өз мамандығымды тауып, өзгерткенім
Сіздерге менің өмірімдегі ең қызықты әрі стресс толы оқиғаны айтып берейін. ҰБТ-ға тек 10 күн қалған кезде, мен өз мамандығымды толық өзгерттім! Иә, сол сәтте мен жүрегімнің айтқанын тыңдап, өмірімді өзгерткен шешім қабылдадым.
Мен бала кезімнен журналист болуды армандадым. Бірақ жанымдағы адамдардың сөздері мен интернеттегі пікірлер мені өз арманымнан алыстатты.
“Журналист қазір керек емес мамандық.”
“Оған грантқа түсу қиын.”
“Оданша өзіңе нан табатын мамандық таңдасаңшы.”
10-шы сыныпта маған көбісі осылай кеңес берді. Солардың сөздеріне еріп, мен ДЖТ-Ағылшын комбинациясын (екі шет тіл мұғалімі) таңдадым. Алғашында өзімнің мамандығымды тапқандай сезіндім, бірақ жүрегімде бір нәрсе толмады.
10-шы сыныпта ЕНТ-ға дайындала бастадым. Курсқа қатысып, ДЖТ-Ағылшын бойынша дайындалдым. Бірақ бір кезде стресске түсіп, өзімді таба алмай қалдым: “Маған ұнай ма бұл мамандық?” – деп ойладым. Сол кезде шешімімді өзгертпедім, себебі курсқа аз ақша төлемеген едім. Осылай 11-ші сыныпқа жеттім.
Сол кезде түпкі ойладым: “Жоқ, жүрегімнің айтқанын тыңдауым керек.” Бірақ батылдық жинау қиын болды.
11-сыныпта жан-жақтан қысым көбейе түсті. Апайлардан шағым түсті, себебі мен мектепке барғым келмейтінмін, күні бойы курста дайындықпен отырғандықтан ешқандай іс-шараларға қатыспай, өзімнің қызықты сәттерімді өткізіп жүрдім. Солай көзді ашып жұмғанша желтоқсан болды, бірақ бір күні бәрі өзгерді.
Барлығы өзгерген сәт – 2025 жылғы 10 желтоқсан, ЕНТ-ға тіркелуге 10 күн қалғанда. Үйге өте шаршаған күйде биден келдім, курсқа отырып дайындалып отырдым, бірақ өзімді бақытты сезінбедім. Сол кезде әкем келді де:
“ Қызым, сен ел таңдаған мамандыққа емес, жүрегің таңдаған мамандыққа баруың керек. Егер өзің ұнатпайтын мамандықпен жүрсең, уақытты босқа өткізесің. Шынайы бақытқа жеткің келсе, сүймейтін мамандыққа барма, жүрегің сүйген мамандықты таңда.”
Сол күні мен ата-анаммен ұзақ сөйлестім. Түні бойы ойладым, ұйықтамай, батылдық жинап, журналистикаға ауыстым.
Сол сәтте мен өзімді толық сезіндім. Бұл мамандықта өзімді көре алатынымды түсіндім. Кішкентайымнан шығармашыл болып өстім, әрқашан өз ойымды білдіргім келді. Енді мен жүрегіммен таңдап, арманыма адал болдым.
Егер менің әңгімемнен бір нәрсе үйренгің келсе – Ешқашан өзіңді кешіккендей сезінбе. Кейде адамдар өз армандарына жету үшін дұрыс уақытын өткізіп алғандай ойлайды, бірақ шын мәнінде жүрегіңнің дауысын тыңдау үшін ешқашан кеш емес. Өмірде әрдайым жаңа мүмкіндіктер бар, маңыздысы – өзіңді тыңдап, шынайы қалауыңа адал болу. Егер сен жүрегіңнің айтқанына сеніп, сол жолды таңдасаң, сенің әр қадамың мәнді, әр сәтің қуанышты болады. Арманыңды кейінге қалдырма, өзіңе шындықпен қара, жүрегің не қалайтынын анық біл. Өмірде ең үлкен бақыт – сүйіспеншілікпен таңдалған жолда жүру, сол жол сенің шынайы мүмкіндігің мен қуанышыңа апарады. Ешқашан өзіңді кешіктіргендей сезінбе, сенің уақытың – дәл қазір, сенің күшің – өз таңдауыңда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇