18.01.2026
  21


Мектептегі іс-шаралар: оқушыларға әсері қандай?

Қазіргі таңда мектеп оқушылары үшін алуан түрлі мүмкіндіктер пайда болуда.Сол мүмкіндіктердің басым көпшілігі мектептегі өткізілетін іс-шаралардан келеді.


 


Өткізілетін іс-шаралардың оқушыға қандай әсері бар?


 


Мектепте өткізілетін іс-шаралардың мақсаты бір.


Іс-шаралардың өткізу барысында оқушының бойындағы қасиеттерді әрі қарай қалыптастырып дамыту басты мақсат болып табылады.


Әртүрлі бағытта өткізілетін олимпиадалар,куиздар,дебаттар,шығармашылық іс-шаралар баланың білімін шыңдап қана қоймай, баланың белсенді болуына және мектеп қабырғасынан көшбасшылық,тапқырлық,жауапкершілік,коммунативтік қасиеттерді бойына сіңіруне ықпал етеді.
Пәндік олимпиадалар мен куиздар баланың логикалық дамуы мен білімін арттыруға өте көп көмегін береді.Оқушы осы тұстан мықты болса әрі қарай дамып өте үлкен жетістікке жете алады.Шығармашылық бағыттағы өткізілетін іс-шара 


көп оқушылар үшін қатты ұнайды, себебі шығармашылық бағыттың көп түрі бар:ән айту,билеу,сурет салу,өлең жазу және т.б.Осындай бағыттарға қызығатын оқушылар жиі кездесіп жатады, өнерлі оқушылар іс-шараларға қатысудан жүлделі орындар алып өзін басқа қырдан көрсетіп жатады.


Мектеп қабырғасынан қалыптастырған қасиеттерді тек мектепте ғана емес оқушылар болашақта да қолдана алады.Көптеген түлек мектеп кезіндегі іс-шаралар арқасында бойына сіңірген көшбасшылық пен белсенділікті университетке оқуға түскенде тиімді пайдаланып,әрі қарай дами алады.Болашақ мамандықты таңдауға да септігін тигізеді десем де артық етпес. Сол үшін де ата-аналар  балаларының мектеп қабырғасынан белсенді болуына және іс-шараларға қатысуына ықпал тигізіп,қолдау білдіруі керек.Болашақта бұл баланың жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу