Өлеңдер ✍️

  04.01.2026
  48


Автор: Шәмші Қалдаяқов

Қуаныш вальсі

Жадырап жанымыз
Жарасып әніміз
Болашақ бүгіннен басталғандай
Нұр құйып көңілге
Жол сілтеп өмірге
Арман тұр асқақтап асқар таудай

Қайырмасы:
А-а-ай, а-а-ай
Қуаныш көрем көзіңнен
Өзіңмен жан құрбым
Қосылды тағдырым
Қосылған қос өзен секілденіп

Өзің боп өлеңім
Шаттыққа бөлендім
Сәулешім сенімен танысқалы
Теңізге телегей
Жол тартқан кемедей
Бойдақтық бізден де алыстады

Қайырмасы:
А-а-ай, а-а-ай
Қуаныш көрем көзіңнен
Өзіңмен жан құрбым
Қосылды тағдырым
Қосылған қос өзен секілденіп

Достарсыз бұл күнде
Күн кешу мүмкін бе
Досымыз көбейсін, келе берсін
Жайнай бер жасқанбай
Мөлдір бол аспандай
Кірлетпе көңіліңнің терезесін

Қайырмасы:
А-а-ай, а-а-ай
Қуаныш көрем көзіңнен
Өзіңмен жан құрбым
Қосылды тағдырым
Қосылған қос өзен секілденіп




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу