Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.11.2025
87
Түнгі ойлар
Мазалайды, түнгі ойлар мені небір,
Сыр берді ме, емес қой жүйкем темір.
Сан сұрақтың жауабын таба алмастан,
Алаңдайды кімді іздеп, құрғыр көңіл.
Құтыла алмай, мазасыз көп ойлардан,
Жанды көріп, өзімнен сырт айналған.
Жүрек шіркін, бәріне шыдайды екен,
Неге маған жеткізбей қойды арман.
Мұны бәлкім түсінбес, туысым да,
Сүйген жүрек, оп- оңай , суысын ба?
Кімнен көрем, мен өзім - кінәлімін,
Ұстап тұра алмадым уысымда.
Тәтті ұйқыда барлығы, мен ояумын,
Керегі де жоқ шығар, мені аяудың.
Сыртын берген жандардың сатқындығы,
Түсіргендей көңілге көп қаяу - мұң.
Жоғалтқандай өз мәнін,сезім құнды,
Дос таппадым, бөлісер жан сырымды.
Көкжиектен бозарып, таң да атты,
Аяқтадым осымен, жырды мұңды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇