Шығармалар ✍️
Жаңа Қазақстан - Жаңа ғасыр!
Жаңа Қазақстан бүгінгі күнде Елбасымыздың жолдауымен Жаңа Қазақстанымыздың айрықша мән-маңызы бар әрі қазіргі тандағы ауқымы кең ,мазмұныда үлкен мәселе.
М.Жұмабаев айтып кеткендей<< Мен жастарға сенемін!>> ұраның қолдай отырып,өз басым Жаңа Қазақстан болуға септігін тигізетің мына жастардың қолында деп ойлаймын.
Біз Жастар келешек болашағымыздың үрдесің қою мақсатында осы уақыттарда ең әуелі тарихымызбен сонау ата-бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді,ана тілімізді,әдет ғұрыптарымызды жетелеп алғанымыз хақ. Өзімізге мәлім қазіргі таңда көп деген жас бүлдіршіңдермен,ересектерге дейін өз ана тіліміздің құрдымға кетіп бара жатқыны айтпайақ бәрімізге белгілі.Ең әуелі осындай мәселелерді дұрыстап өз ана тілімізбен,тарихымызды жетелеп,түзеу керек. Көп деген мемлекеттік құжаттарды қазақ тілінде еңгізіп,телешоу бағдарламалармен әлеуметтік желідегі бейнежазбаларды қазақ тіліне аударса деймін. Қызықтыратындай балаларға қазақша кітап неде болмаса тарихымызға зейін ашу мақсатында ойын желілерімен, мультфильмдерді дамытсақ болады.Сонымен қатар қазіргі таңда қаншама ақылды,болашағы зор халқыма нағыз көмегімді беремің дейтін жастарымыз өте көп. Осындай адамдарды сеніммен,қолдау білдіріп соларға билік жолын берсе деймін. Себебі нағыз біздер жастар Қазақстанымызға нақты не керек,не талап ететінің біз жақсы білеміз.Бұл-нақты нәрсе.
Тағыда жемқорлықпен күресу жолын одан әрі күшейтсе,білім жолын одан әрі дамытса,заңдарымызды дұрыстап қоя білсек бұлда Жаңа Қазақстан болуға үлкен күш.
Қорытындылай келсем,Жаңа Қазақстан болуға мүмкіндіктеріміз орасан зор.Қазіргі таңдағы жастардың білім,ойын жетілдірсек,ацтылып кеткен проблемалардың шешу жолын тапсақ, біздің Қазақстан дамыған елдерден озып кетуге шақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇