Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2025
662
АСЫЛ ЖАРЫМ
Сен мендіксің, ардағым, асыл жарым,
Жылдардың қанатында қасыңдамын.
Жаратқан маған берген сыйым едің,
Әр күні қуаныштан тасудамын.
Қ-сы:
Жүректі тербегендей әнін-ғалам,
Жастықтың құшағында жалындаған.
Жанымның бір бөлшегі бөлінбейтін,
Сыйладың махаббаттың балын маған.
Тәңірім таңдап берген аққуымсың,
Көркемдікпен жаралған бақ гүлімсің.
Бәрі сенің-пейілің, кеңдігіңнен,
Жанымның жалауысың, шаттығымсың.
Қ-сы:
Көңілім шалқығандай шақта мына,
Өзіңдей асылымды тапқаныма.
Әр күнімді бақытым деп бағаладым,
Шүкіршілік айтамын ақтарыла.
Қ-сы:
Сөзі Әліпов Айтбек Рымбекұлы, 4.10.2025ж. Астана қ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇