02.09.2025
  68


Автор: Абдраманов Арсланбек

Жетінші көк сөз (Пайда)

 Бала кезімде анам жатарда түрлі ертегі оқымаса да, көп әңгіме айтып беретін, соғыс, өмір, ауыл, салт-дәстүр мен түрлі үстел ойындарын ойнауды үйрететін. Бір әңгімесі есімнен әлі кеткен жоқ: 


 Қасқыр қойды азық қылса адамдар қасқырды жаман дейді. Түлкі тауықты ұрласа адамдар түлкіні қу дейді. Тышқан астықты кемірсе оңбаған дейді. Адамдар араның балын алғанда оларды еңбекқор, қарапайым дейді. Төрт-түліктен бар жақсылықты алғанда керемет деп асыра мақтап, бағып-қағады, мақал-мәтеліне қосады. Жылан өзінде у бар екенін білмейді. Адамдар өзінде қате бар екенін білмейді, Құлыным! Сондықтан да өмірде жақсы мен жаман жоқ! Кімге кім пайдалы сол жақсы! Өмір де досың жоқ! Әр ісің де сақ бол!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Асқар
Асқар 28.01.2026 01:23
Өте терең ой айтылған. Қарапайым мысалдар арқылы өмірдің шындығын дәл жеткізген. Оқуға жеңіл, мағынасы ауыр көк сөз. Автордың философиялық көзқарасы ұнады.

Пікір жазу