Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.07.2025
716
Ағалар мәңгі жасасын
Ағасы бар бақытты,
Өткізер бірге уақытты.
Ақылын айтар күн сайын,
Бойына жияды жақұтты.
Ағаға барып еркелеп,
Мұныңды айтып шағасын.
Татулық жалғап тұрады, 2-рет
Бауырлардың арасын.
Пейілі дархан даладай,
Таппайсын артық ағадан.
Өмірлік ұстам беретін,
Айқара ашқан құшағын,
Шуағын дайын төгетін.
Жанымда ағам барында,
Дей алман ешбір торықтым,
Ағадан алған кеңестің,
Салмағы басым, соны ұқтым. 2-рет
Көп көрген өмір сынағын,
Сарқылмас кәусар бұлағым.
Астаудан бірге ас ішкен,
Балалық шақтар есімде.
Естелік ғажап жыр әнім.
Сағына келсен алыстан,
Мауқынды басасын,
Жан сарайын ашасын.
Жол көрсеткен әкендей, 2-рет
Ағалар мәңгі жасасын.
Әліпов Айтбек Рымбекұлы,
Астана қ. 1 тамыз 2025ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇