Өлеңдер ✍️

  15.07.2025
  72


Автор: QARAKESEK

Қақпа есігімді

 



¹  Жылдар сені жасырды
   Толтырып екі көзіңе жасыңды
   Өткізсемде сан жылдар, ғасырды
   Таба алам ба өзіңдей асылды
   Ойларым жан-жаққа шашылды



Жазылды ма?
Ауыратын жүрегің,
Уайымдарға талынып жүретін
Жазылады ма жараң?
Бақыттың кілтін бермей уақытың сараң



Әлі, әлі мұңға батасың
Әлі мұңға батасың
Әлі жылап жатасың



   Қ/СЫ:
   Тартасың әлі өткен күн түніне
   Өткен күн түніне, күн-түніне
   Тастадым сені жүрегімнің түбіне
   Ең түбіне, түнегіне



²  Есімі бар білмейтін шешілуді
   Білмейтін жүрек бар өткенді кешіруді
   Өшкен үміт бар өзім өшіруді
   Қаламасам да, қаламасам да



   Жұлды жылдар санамнан есіміңді,
   Бітті бәрі қақпа есігімді
   Көрсетпе маған уақыттан кешігуді
   Қаламасаңда...



   Жұлды жылдар санамнан есіміңді,
   Бітті бәрі қақпа есігімді
   Көрсетпе маған уақыттан кешігуді...



   Қ/СЫ:
   Тартасың әлі өткен күн түніне
   Өткен күн түніне, күн-түніне
   Тастадым сені жүрегімнің түбіне
   Ең түбіне, түнегіне




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу