Өлеңдер ✍️

  15.07.2025
  60


Автор: QARAKESEK

Үн жоқ...

 



Хәлің қалай, амансыңба?
Көп болды хабарыңды білмегелі.
Мағанда оғанда, адал адамсыңба?
Талай уақыттарды өлтірдім, мен сені түсінбегелі.



Түсінбейм сені, түсініксізсің,
Түсініксізсің, тым үнсізсің.
Үнің жоқ
Айтатың дымың жоқ.



1. Күлетін едім жаным, мына сенің жүзің күлсе,
Жоламас едім, бұл сезімнің келер күзін білсем.
Ойланарсың бәлкім, сенде бұны сезіп білсең,
Аласыңба мына менің күйімді саған берсе?



Не ойлайсың мен туралы алтыным?
Мен ұққанмын махаббатты, мына өзің арқылы.
Соншалықты сезімі, қалып қойды артылып,
Тәтті еді бар қылығың, алғым келді жар қылып.



Жарайт, хәлің қалай?
Жалпы көп болды, сені көрмегелі, сенімен сөйлеспегелі.
Бәрі ұмыт болды деуге, тілім бармай қалады,
Ұмытпадым, бәлкім мен осылай қалам.



Сені сезінем арамызда шақырым болсада.



Қ-сы



әлің қалай, амансыңба?
Көп болды хабарыңды білмегелі.
Мағанда оғанда, адал адамсыңба?
Талай уақыттарды өлтірдім, мен сені түсінбегелі.



Түсінбейм сені, түсініксізсің,
Түсініксізсің, тым үнсізсің.
Үнің жоқ
Айтатың дымың жоқ.



2. Сен туралы тағы шумақтаттым,
Түн ортасы, ал сен шабытыма шырақ жақтың.
Өшіп қалғанша, сағынышымды жеткізгім келед
Жүректің айтуынша оны жеткізу керек.



Сен десе ұйқы жоқ, сен десе маза қашад,
Сені толықтай өзімдікі қыламын қашан?
Деген сұрақтарға, жауап іздеп тұрып қалдым
Сахарада келе жатқандай шөлдедім саған, әлім құрып қалды.



Сені сезінем арамызда шақырым болсада,
Ол кедергі емес, оймен өзіңе жол салам.
Жолым бар саған әрдайым барып қайтып жүрген
Бірақ сен білмейсің оны, білгің келіп жүрме?



Білгің келсе, сезініп қараш сағынышымды
Сен дегенде жүрегім әлі алып ұшуда.
Өзгенің бақыты, маған арнаған уақытын
Жүрегіме кел кір, сонда мен бақыттымын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу