Өлеңдер ✍️

  15.07.2025
  55


Автор: QARAKESEK

Шын айтамын

 



Сендей ару жоқ, шын айтамын,
Көрмеді көздерім әлі.
Көзіммен көзіңе сыр айтамын,
Көрмеді мүлдем өзгеріп әлі.



Сен туралы ой бәрі баяғыдай,
Қайран басым сенікі.
Білмесең жаным біліп қой,
Жүрегің, өмірің енді менікі.



Қ-сы;
Бұл ғасырда, бол қасымда,
Уақыт таусылғанша, бәрі аяқталғанша.
Бұл ғасырда, бол қасымда,
Бір уақытта, бір бағытқа.
Бір уақытқа, қарай барайық,
Уақыт барда.



2.Таңдаған жоқпын мен оны "Қудайдың" сыйлығы,
Ұрыс күлкінің бәрі жай ғана өмірдің қулығы.
Басыма бейнет емес, басыма бақыт қонды,
Өмірдің суығында құшақтасып, бірге тондық.
Махаббат саябағы емес бізді қосқан,
Тек сөйлегенің мені аялады, рақмет саған.
Тұла бойым терлеп ауырғанда соқ, оны жазатын,
Жылы киімің жабатын тоңғанда мазасыз жаным.
Жарайды, мақтауға тыйым, тек езуді жыйдым,
Мен оның жүрегіне толығырақ сыйдым.
Басқасы қыздарын биікке ұстап сөздерін шығын қылса,
Ал мен тек оның маңдайынан шынайы сүйдім.



Қ-сы;
Бұл ғасырда, бол қасымда,
Уақыт таусылғанша, бәрі аяқталғанша.
Бұл ғасырда, бол қасымда,
Бір уақытта, бір бағытқа.
Бір уақытқа, қарай барайық,
Уақыт барда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу