Өлеңдер ✍️

  20.05.2025
  326


Автор: Сәрсенби Аян

Хат

Өлеңге жасырып атыңды, 


Солайша жолдадым хатымды. 


Бұл өлең сезімнің күші бар


Хат болған жолдайтын ұтымды. 


 


Мен саған айтатын ойлардың, 


Бұрқырап тұратын иісі. 


Мен сенен жасырған сезімнің


Бүркеніп тұратын киесі. 


 


Мен сені жаным-ау сүйем деп, 


Бұл сәби жанымды сендіргем. 


Махабат отына күйем деп, 


Сұп-суық тәнімді көндіргем. 


 


Жаныма жаралы ем болған, 


Келбетің тәп-тәтті өзіңнің. 


Періште жүзіне тең болған


Сырлары жасырған көзіңнің. 


 


Үркіген қыз көрсе жүректі,


Баурадың сұлулық күшімен. 


Ғашық боп өлеңді арнадым


Өзіңе қосылу үшін мен. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу