Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
1226
Жетісайдың ару қыздары-ай
Жүректің күндей қызғаны,
Сезімнің еріп мұздары.
Ғашықпын дәйім сендерге,
Жетісайдың сұлу қыздары.
Шаштары мақпал түніндей,
Құшағы ыстық күніндей.
Жігітке әркез арман боп,
Жүретін ылғи күлімдей.
Үлбіреп аппақ мақтадай,
Көзімді жаулап тұрғаны-ай.
Тандырған естен талайды,
Жетісайдың ару қыздары-ай.
Қос бұрым қатар өрілген,
Жүзінен шуақ төгілген.
Сендерден асқан сый бар ма,
Тәңірден бізге берілген.
Қадалып ынтық жанарым,
Біріңді таңдап алармын.
Жетісайдың сұлу қыздары-
Аруы бүкіл ғаламның.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter