Өлеңдер ✍️
ҚАРЫНДАСҚА
Қамқор болып жүрейік қарындасқа,
Мейлі туған, мейлі жат, қаны басқа.
Қазағымның əр қызы қарындасың,
Қыздың жолы жіңішке, арын баспа.
Қарындастан кім жақын тағы басқа,
Соғылмасын қамқор бол, сағы тасқа.
Көрген жерде аға деп амандасқан,
Қиылғанын мүмкін бе сағынбасқа.
Өнеге бол жол көрсет арлы жасқа,
Жара салма жүрекке жазылмасқа.
Қазақ қыздың намысын қастерлеген,
Құс жақсысы теңеген қарлығашқа.
Қарындасты келсе ашу, қызғанғанда,
Сабырлықпен ақыл айт, қызбаланба.
Қарындасқа қорған бол, саған міндет,
Қырық үйден тыйым деп қыз балаға.
Саясатпен үйлену шет айласы,
Шетелдіктің ойлары тек пайдасы.
Келімсекке қыз берме ағайындар,
Халқымыздың қыз бала бет айнасы.
Құрт түспесін қарындас ақылына,
Бөтен ұлттың кетпесін тақымында.
Жиенмін деп бір күні қарсы шығар,
Жау жатпасын қарындас жатырында.
Еркін Оралбайұлы 8/02/2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇