Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  326


Автор: Еркін Оралбайұлы

КЕШ КЕЛГЕН СЕЗІМ

 


 


 


Мазалаған бір сезім кешігіп кеп,


Бір мұңды жүрегіме көшіріп кеп.


Өшіруге тырыссам да жалындаған,


Күннен-күнге қағынып өршігіп тек.


 


Іштегі шер өлең боп төгіліп кет,


Нөсерлетші кеткендей сөгіліп көк.


Көк аспандай көңіл де түнеріпті,


Дегені ме мұңлы жыр егіліп төк.


 


Күнде іздеп ұялыға телміріп көп,


Кейде түске қуантып сен кіріп кеп.


Пайда болды мезгілсіз сол бір сезім,


Жегі құрттай ішімді кеміріп жеп.


 


Келгендей ме бұл сезім мені көздеп,


Сүйгенді ізде күн- түні желі кез деп.


Бір жанталас бойымды билегендей,


Асықтырған тағдыр ма мені тез деп.


 


Ғалам шарлап қиялым, өзіңді іздеп,


Ойламағам өзімді төзімсіз деп.


Сұлу жүзің қылығың еркелеген,


Елжіреткен жүректі сөзің сіз деп.


 


Осы сезім жүрекке жайғасып кеп,


Деп жатқандай көңілге айға ұшып жет.


Көптің бірі болам ба, күні өткен?


Махаббаттың өмірден қайғысын жеп.


 


Еркін Оралбайұлы  2/02/2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу