Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  110


Автор: Еркін Оралбайұлы

ЖҮРЕККЕ ӘМІР ЖҮРМЕЙДІ

 


 


Сезім сіңсе бойыңа,


Ұялап қонса ойыңа,


        Сабыр қыла білмейді.     


Өшіруге тырыспа,       


Ызаланып ұрыспа,


        Жүрекке əмір жүрмейді,


Махаббат ол дүние, сезінетін жүрекпен,


Нəзік сезім сəулесі, көрінетін түнектен.


 


Жылу беріп жаныңа,


Қызу беріп қаныңа,


        Өмірді кетер өзгертіп,


Сезіммен тəтті ойланып,


Ғашықты тек, ойға алып,


        Қызық болмас өзге түк,


Түсте көріп қуанып, болса да ол жырақта,


Көбелектей үйір боп, үймелеген шыраққа.


 


Өмірге қойып бір нүкте,


Зауқың соқпай тірлікке,


        Ғашықты аңсап күн өтер,


Қолыңды созып бақытқа,


Бағынып алтын уақытқа,


        Өмірді саған сын етер,


Ой түбіне батарсың, сүйгеніңді сағынып,      


Сезімнің ыстық алауы, жүрегіңе жағылып.


 


Еркін Оралбайұлы  22.02.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу