Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
232
ГҮЛНҰР ҚҰРДАСҚА
Тал бойыңа жиылған әдемілік,
Таба алмассың, жарасқан әрден ілік.
Ойының мен шыныңды ұғу қиын,
Алмайынша сырыңды әбден біліп.
Нұрын шашып көзіңнен бақ сүзіле,
Қос ерінге аппақ тіс шақ тізіле.
Бар сұлулық бойыңа жиылған ба?
Ауыз ашып қарардай жақ үзіле.
Осы емес пе, көңілге гүл еккені,
Жас кезімнің өзіңмен бір өткені.
Жанарыңа жалт еткен көзім түсіп,
Қу жүректің селт етіп, дір еткені.
Құрдас-ау айта алам ба, тілім жетіп?
Жібердің-ау қу жүректі дірілдетіп.
Күн болар ма, өзіңді қайта көріп,
Тыныш жүрер бойымнан діріл кетіп.
Еркін Оралбайұлы 4.02.2019
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇