Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  865


Автор: Жібек Ысқақова

ҚЫЗДАР БІЗДІҢ — АРУЛАР

Айналаны гүлді еткен,
Бұл өмірді құнды еткен.
Қыздар біздің — сыпайы,
Үн қататын жүрекпен.
Қыздар біздің — гүліміз,
Қыздар біздің — жырымыз.
Қыздарымыз қуанса,
Күлімдейді күніміз!
Жаздай жаны жайнайтын,
Бұлбұл құстай сайрайтын.
Қыздар біздің — жанымыз,
Жақындарын ойлайтын.
Инабатты, ибалы,
Ғажап үйді жиғаны.
Қыздар біздің — ерекше,
Бойында бар иманы…
Жан тербейтін сөзі бар,
Ботадайын көзі бар.
Қыздар біздің — ғажайып,
Еркелейтін кезі бар.
Өсек сөзге сенбейтін,
Құлауға жол бермейтін.
Қыздар біздің — арулар,
Жамандыққа ермейтін!
Аруларым аман бол,
Кезің көп боп өрлейтін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу