Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.11.2024
110
Ақтөбем деп мақтанам мен әрдайым
Ақтөбем деп мақтанам мен әрдайым,
Орталығы облыстың қаласы бар.
Көңілімнің шаттығын еселейтін,
Баурап алар ғажайып даласы бар.
Ақтөбем деп мақтанам мен әрдайым,
Бекініс боп құрылған ғажап қалам.
Мен баласы тәуелсіз елімнің бұл,
Қазақ елі бейбіт ел, азат далам.
Ақтөбем деп мақтанам мен әрдайым,
Шуақ шашар жайдарлы күніменен.
Ақтөбемнің қаласы бір ерекше,
Жарқырайтын жұлдызы түніменен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇