Эсселер ✍️
Астананың көрікті жерлері
Аты әйгілі Бәйтерек — Астана қаласының басты символы болып табылады. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тұрғызылған. Жобаның сәулетшісі — Ақмырза Рүстембеков. Білгенге маржан, жазып қояйық!
Қазақ Елі — Астана қаласындағы Тәуелсіздік алаңындағы ескерткіш. 91 метрлік стела Самрұқ құсымен – құстар патшасы, халық қорғаушысы — жабдықталған. Самрұқтың мифологиялық бейнесіне Қазақстанның екінші маңызды монументі Бәйтерек (аудармасы – Тіршілік ағасы) жатқызылады. Бұл да қызық дерек, түртіп алыңыз!
Нұр Жол Бульвары (бұрынғы Су-жасыл бульвар) — ән салатын субұрқақтар аллеясы бар жаяу жүргіншілер аймағы. Серуендеуге жақсы, солай емес пе?!
«Ақорда» — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ақорданы көру бәрімізге арман ғой!
Тәуелсіздік Сарайы — дипломатиялық және басқа халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған ғимарат; сонымен қатар ғимаратта қолданыстағы және болашақ нысандары бар Астананың кең макет-жоспары бар. Ияя, бұл жерді де көрсек артық етпейді!
Бейбітшілік және Келісім Сарайы — дәстүрлі қазақстандық және әлемдік діндер өкілдерінің саммиттері мен съездеріне арналған. Ірі іс-шаралар мекемесі, ғажап-ақ!
«Конгресс-холл. Архитекторы Норман Фостер.
«Қазақстан» — Орталық концерт залы.
«Шабыт» — Қазақ ұлттық өнер университеті.
«Жастар» — Оқушылар мен жастар шығармашылығы сарайы.
«Хан Шатыр» — ең үлкен сауда және ойын-сауық орталығы (әлемдегі ең үлкен шатыр саналады). Архитекторы Фостер, Норман.
«Этноауыл» ұлттық мәдени кешені - EXPO-2017-нің бірегей мәдени-туристтік имидждік жобасы.
«Мәңгiлiк ел» қақпасы — Қазақстанның Тәуелсіздігі мерей тойына орай Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы бойынша салынған сәулеттік құрылыс.
Ұлттық ғарыш орталығы.
«Нұр Әлем» болашақ энергия мұражайы ЭКСПО 2017 — сфералық ғимарат «Нұр Әлем». Биіктігі — 100 метр, диаметрі — 80 метр. Нұр Әлем Стокгольмдегі диаметрі 30 метрлі Эрикссон-Глоб аренасынан кейін әлемдегі ең биік сфералық ғимарат болып саналады» Ғаламторда аттары әйгілі ғимараттарды өз көзіңмен көріп, қолыңмен ұстап, жүрекпен сезінгенге не жетсін шіркін! Біз тек сырттай қарап, тамасана аламыз. Алла жазса Астананың осы көрікті жерлерін көруді бізге де жазсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇