Шығармалар ✍️
Туған жерім Кентауым!
Менің туған жерім — Кентау қаласы. Кентау қаласы бұрыннан бері елімізге аты әйгілі, экономикалық тұрғыдан жақсы дамыған қала. 1955 жылдан бастап Кентау деген атқа ие болып, қарқынды дамып, ел игілігі үшін жұмыс жасаған бұл Кентауым қазіргі таңда аздаған тоқыраудан кейінгі есін жиып, басын көтеріп, қайта дамып көштен қалмай, қалаларды алға бастап келе жатқан қала десек болады. Қай адам өз туған жерін жамандыққа қисын. Жақсылығын асырып, жамандығын жасыратын Қазақ емеспіз бе?! Сол сияқты қаланың кемшіл тұстарынан гөрі жарқыраған әдемі тұстарын айтқым келеді. Қандай жай болмасын, қандай қала болмасын оның ағы мен қарасы болады. Сондықтан мен Кентауымды жақсы көрем, Кентауым үшін бүгіні мен ертеңі, оның болашағы үшін қатты алаңдаймын.
Әдебиеті мен мәдениеті жақсы дамыған қаламда қаланы алға бастап жүрген өнерлі жастарымыз өте көп. Олардың жеткен жетістіктері мені қуантады. Кентаулық әншілер, Кентаулық өнерпаздар бірінші орын алды десе төбем көкке жеткендей қуанамын.
Туған жерім — Кентауым! Сенде жүрсем шаттнам, өзіңменен мақтанам. Тек қана алға! Жасай бер менің сүйікті қалам — ККентауым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇