Өлеңдер ✍️
_*_ҰЛЫ АБАЙҒА.*__
Адамды ақыл ғана даралайма?
Ұлылар айтар ойын саралайма?!
Қазақта ұлы ойшыл болған бүгін,
Арнаймын мен жырымды дана Абайға.
Ұлы Абай, шалқып жатқан ол бір айдын.
Сол кезде қазағыма болған айбын.
Абайды, Абай еткен бұл қазаққа,
Еңбегінің жемісі Құнанбайдың.
Бала Абай, білім қуған қысы - жазы.
Жанында ақын жыршы, өнерпазы.
Жол көрсетіп, дем берген ұлы ақынға,
Әкесі әрі болыс, әрі қажы.
Көңілі ұлы ақынның болған күпті,
Сіңіріп өскен бойға тек шындықты.
Орыстың классиктерін таныстырып,
Аударған Пушкинменен, Лермонтовты.
Абайдан асқан сірә сөз қалды ма?
Ұлы ақын тоқырауға кез болды ма?!
Әнімен елін сонда сусындатқан,
Ақынның сазгерлігі өз алдына.
Қара сөзі жетерлік әннен басқа,
Ұнаған өлеңдері кәрі- жасқа.
Жарық айдың астында ән шығарып,
Сәлемін айтқан ақын, Қаламқасқа.
Сазына ұлы,ақынның тауы қалғып,
Хаттарын Татянаның жазған әнғып.
Он бес жаста үйленіп, Ділдә аруға,
Отызда Әйкерімді алған жарғып.
Ұлы ойшыл, ұлы ақын, Абай - дана!
Жырынан рух алған, талай бала.
Біздерге мұра қылған " Абай жолын",
Мұхтарды ұмытамыз қалай ғана?
Абай деп- ән салады сайын далам,
Өзіңе жыр арнаған, мен бір балаң.
Келеміз өзің салған сара жолмен,
Бас ием әруағыңа ұлы бабам!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇