Өлеңдер ✍️

  05.11.2024
  1434


Автор: Омархан Алтынбекұлы

Сыйластық

 


Ғұмыр қысқа дейміз ау, ғұмыр қысқа,
Тоқтайтынын білмейміз, қайсы тұста.
Қысқа ғұмыр қамшының сабындай-ақ,
Ұқсайды екен, пыр етіп ұшқан құсқа.


Өткен күннен өкініш, бар ма, сірә,
Оралмайды мейлі күл, мейлі жыла.
Кеткен жанды іздейсің айналаңнан.
Келмейтінін қайтадан біле тұра.


Кейде ренжіп, дүние тарлығына,
Қолды бірақ сілтейсің барлығына.
Байқасаңыз бәріне уақыт емші,
Сыйласақанға жетпейді барлығы да.


Сендер барда, төбешік, тауым мына,
Қарсы тұрып табиғат дауылына.
Сендерге ыстық, мендегі сағынышты,
Басар едім, құшақтап бауырыма.


Бағалайық өмірді тірімізде,
Бауыр болып біріміз- бірімізге,
Араздасып өтсек те мына өмірден,
Кетпейтінін білеміз, түгіміз де.


Байлығың да қалады, басқасы да,
Бала - шаға кетеді бас - басына.
Бірге жүрген жандарды кім біледі,
Әзәзілге ілесіп сатпасына.


Болсын ауыр, тағдырдың жүгі бізге,
Шүкір дейік, осы атқан күнімізге.
Өлгеннен соң жылаудың қажеті жоқ,
Сыйласайық көзіміз тірімізде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Данияр
Данияр 26.06.2025 11:22
Бұл өлеңнің авторы менің қластасым Мүрат Көрікбаев.

Пікір жазу