Эсселер ✍️
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті келешегі
«Озық білім, озық ғылым – келешек кепілі» дәл осындай ұранды Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білімді жастары өмірлік ұстанымы ретінде қалыптастырған. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бері ілгері дамудың бірден-бір кілті ғылым мен білім саласын жетілдіру үшін көптеген қадамдар жасады. Осы орайда ел президенті жастардың дамыған қоғамға сай білім алып, бәсекеге қабілетті азамат ретінде қалыптасуына барлық жағдайды жасай отырып, Қазақстан елінің кемел келешегі әрқашан болашақ ұрпақтың қолында екенін атап көрсетіп келеді. Осы бағытта қарқынды түрде ілгері дамуына еліміздің әрбір тұрғыны, жарқын болашақта өмір сүруіне атсалыса қатысып жүрген Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері мен өткен мен бүгінді ұштастырған оқытушылары деп санаймыз. Қала ішінде орналасқан жеке қалашық Алматы жүрегі – Қазақ Ұлттық Университеті өз бастауын 1934 жылы Киров университеті ретінде бастаған болатын, кейіннен 1991 жылы атауы әлемнің екінші ұстазы, ұлы философ энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фараби аты берілді. Қазіргі таңда 90 жылдық аса бай тарихы бар университет Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және оның қалыптасуымен тығыз байланыста деуге де болады. ҚазҰУ-ін еліміздің көптеген жоғары білім беру жүйесінің негізгі тірегі, білімді де білікті мамандар ордасы. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде. Үш тілдік оқу бағдарламасы қамтылған және көптеген шет ел тілдері оқытылатын университетте 25000-нан астам студент білім алып, оқытушы-профессорлар құрамы 2000-нан астам, олардың арасында ғылым докторлар, профессорлар, ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет етеді. Білімге деген құштарлығы мен берілген білімнің сапалылығына байланысты ҚазҰУ QS Asia University Rankings халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша Қазақстанда көшбасшылық позицияға ие болды және беделді рейтингте өз позициясын айтарлықтай жақсарта отырып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS Asia University Rankings 2023: Central Asia рейтингінде Орталық Азиядадағы бірінші жоғары оқу орны болып танылды.
ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, қазіргі кезеңде жастар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін өздерінің болашақтағы мамандығымен байланыстырады. Университеттің келешекте орасан зор нәтиже көрсетуіне атсалысып, оның одан әрі көркем болуына септігін тигізіп отырған маңызды тұлға Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 2024 жылдан 2026 жылға дейін ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі жоспарланғанын хабарлаған болатын: сегіз оқу ғимараты, технопарк және 12 жатақхана салу іске асырылады, соның ішінде үш жатақхананың құрылысы басталды. Осылайша армандар орындалатын, түрлі идеялар мен стартаптар елдің көркеюіне өз үлесін қосатын, студенттердің білімі мен дағдыларының дамуына, толықтай жоғары білім жүйесін нығайтуға жағдайлар жасалып жатыр. Сол себепті сүйікті де сүйкімді қара шаңырағымыздың атақ –даңқын көтеріп , жарқын болашақта өмір сүруге бірге атсалысайық. Біздің таңдауымыз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Farabi жастары - Farabi келешегі!
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Андабаева Г.К., э.ғ.к., доцент
Тилеуберген Алтын, «6В04103-Экономика» БББ 2 курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇