Эсселер ✍️

  16.09.2023
  166


Автор: Отбасы күні

Отбасың байлығың

Ия, «Отбасы тірлігіндегі ең мәнді тетік – махаббат» деп Антон Чехов айтқандай, ең бірінші отбасы құрып, өміріңдегі ең маңызды шешімді таңдамас бұрын алдымен жақсылап ойланып, жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн. Отбасы — аялы да, жанға жылу сыйлайтын ыстық ұя. Әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды дейді. Ал ананың аялы алақаны жаныңа қуат беріп, өміріңді нұрландыра түседі. Асқар тау әкелері бар адамдар, ақ жаулықты аналары бао жандар бақытты деп айта аламын. Тай құлындай тебісіп өскен бауырдарыңның болғаны қандай жақсы. Отбасында батасын беріп, сөз бастап отыратын, ағайындар ортасында жол бастап отыратын атамыз бен әжеміздің болғаны қандай жақсы десеңізші. Міне, осылардың бәрі бар, төрт көзі түгел жандар ең бақытты, нағыз отбасы дер едім.
Отбасы деген жалпы айтқанда өзіңдік заңдары бар, өзіндік жүріс-тұрысы бар кішкентай бір мемлекет. Сол мемлекеттің әрбір мүшесінің өзара сыйластығы мен бір-біріне деген мейірімі болса ол отбасы ең бақытты отбасы болмақ. Ынтымақ пен береке бар жерде, сүйіспеншілік пен махаббат бар жерде, сыйластық пен бірлік бар жерде бақыт мәңгі тұрақтайтыны анық. Ендеше әрбір отбасы бақытты да шаттықты күндерді бастарынан өткере берсін! Әрбір адам тек қана бақытты болуға лайықты дер едім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу