Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  185


Автор: Шөмішбай Сариев

Елдің қамы - елбасының жолдауы

Халқым күткен Елбасының жолдауын,
Елбасымыз күткен Елдің қолдауын,
Бізге керек түсіністік, парасат,
Бәрі осы ақындықтан толғауым.
Елбасының ойлайтыны – Ел қамы,
Зиялы елді тебіренту толғамы,
Қазақ деген елге керек осынау,
Елде бірлік, ынтымақтың болғаны.
Перзентімен тербетілер жер бесік,
Бұл Заманда күрес керек бел шешіп,
Елбасының жолдауында жыл сайын,
Бір жаңалық көтереді еңсесін.
ТӘУЕЛСІЗДІК! Сақтау үшін не керек,
АНА ТІЛІН, ақтау үшін не керек,
Туған елі – қалай-қайтіп ел болар,
Туған жері – қалай-қайтіп көгерет?!
Бар қасиет, барлық шындық бар мұнда,
Жапырылып майысатын шалғын да,
Бәрін айтып тебіренді Елбасы,
Тура айтып Туған Елі алдында!
Жалғыз Отан! Қазақ деген жұрт барда,
Жүрегімен ұғынатын ұлт барда,
Жаны ауырып, ақтарылып жүрекпен,
Ел алдында шындық өзі шықты алға!
Қазақ едік сан бүгілген азапқа,
Ойға батып, баттық Бүгін ғажапқа,
Есігінен сығалатпас Еуропа,
Төрін өзі сыйлады ғой Қазаққа!
Өз қолында Елдің Ел боп орнауы,
Өз қолында тілдің тіл боп толғауы,
Халқымызды ойға салар тағы да,
ЕЛДІҢ ҚАМЫ – ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ!..

31 ҚАҢТАР 2010 ЖЫЛ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу