Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  97


Автор: Шөмішбай Сариев

Ақпан

Сені көрдім әсем ай ақпанында,
Сол болар биік қанат қаққанымда.
Әсем жауған аспанның ақ қарындай,
Сенсің менің аяулым аппағым да.
Сені көрдім сұлу ай ақпаннан да,
Жалын атқан жастықтың шақтарында.
Біз танысып қыдырдық тап-таза әлем,
Аппақ қарға малынған бақтарында.
Сені көрдім жылындым ақпанында,
Мен қуандым жолығып тапқанымда.
Тау суындай мөлдірсің таптым сені,
Таудың суы қатпайды аққанында.
Мезгілді борандатып тапқан екен,
Ақ төсек, ақ мамықпен жапқан екен,
Мен сені сүйіп өтем аппақ қарым,
Әйелдің бейнесіндей ақпан екен...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу