Өлеңдер ✍️

  28.08.2023
  55


Автор: Шөмішбай Сариев

Жұлдыздарым жанып тұр түнгі аспаннан

Жұлдыздарым жанып тұр түнгі аспаннан
Ақынның не амалы бар сырды ашқаннан.
Жұлдыз-ай жарық ойлы өлең жазам
Тұмшалап жан-жағыңды мұң басқаннан.
Сапарлас бірі — қайық, бірі — кеме
Тәңірдей басын иіп ұлы иеге.
Жұлдыздарым жанып тұр ғашық болып,
Көз тоймай, тіршілікке дүниеге.
Жұлдыздарым жанып тұр түнгі әлемнен,
Сақтай гөр О, Құдайым, бір бәлеңнен.
Жұлдыздай бір қарауға қолы тимес,
Биіктен, сонау көктен жырлағанмен.
Көп сенің беретінің бергеніңнен
Көп сенің, көретінің көргеніңнен.
Еңкейіп, жүре бермес бір көз салар,
Жұлдыздарым жана бер, сен көгімнен!
Көрерсің кеш батпаса Күндіз қалай,
Ой қамап тоңдырады түнгі ызғар-ай.
Аспанның биігінен жанса-дағы
Арманы мол, мұңы көп Жұлдыздар-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу