27.08.2023
  172


Автор: Тұсаукесер тойы

Бақытты бол, немерем (әжесі)

Тәй-тәй басқан жан балам,
Сәтті болсын әр қадам.
Жаратқаным жар болып,
Арманға жет аңсаған.

Биік болсын намысың,
Жанып балам бағың шын.
Сені жақсы көретін,
Бұл әжеңнің жанысың.

Бақытты бол немерем,
Әр қадамың оң болып.
Қуанта бер біздерді,
Шуақты атар таң болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу