Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  65


Автор: Серікбай Оспанов

Алдымда  жар  бар  демейтінім...

Алдымда  жар  бар  демейтінім,


Адамдар алдар демейтінім.


Қасірет, мұң  бар  демейтінім,


Өзен,


көл  құрғар  демейтінім!


Қандай  ғажап  еді


Жамандықтарға  сенбейтінің?!


 


Қысылсам,   желеп-жебейтінім,


Құдіретке де теңейтінім.


«Жан жарым жалғыз Ер» дейтінім,


Қөрмесе  сәтке  шөлдейтінім!


Қандай  бақыттымын


Барында  жарық  сендей  Күнім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу