Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  170


Автор: Серікбай Оспанов

Мейірім

Күлжанға


 


Мейірім іздеп бұл жаным қаталаған,


Сонда жалғыз көз болдың, апа, маған.


Есейгенде өзіңсің жетелеген,


Сәби шақта өзің ең арқалаған.


 


Зар болғанда бір сөзге көңіл демер,


Айналдымды айттың сен өмір берер.


Көрген сайын құшақтап,


Құшағыңда


Жаным, апа, апатай, дегім келер.


 


Көздің жасы көл болып сан ағылған


Кезімде де қуат ап қабағыңнан,


Маған деген шексіз бір  мейірімді


Сенің ғана көріп ем жанарыңнан.


 


Ол күндерді ұмыта алам қалай,


Қайтіп саған жүрермін алаңдамай?!


Ата-енеңнен жасырып


Бауырсақты


Ысырып қоюшы едің маған қарай.


 


Еске алады өткенді көңіл бала,


Өтпелі ғой бәрі де – өмір жаңа.


Қайныңменен қалсам сәл қақтығысып,


Сөйлеуші едің сөзімді менің ғана!


 


Мейіріміңмен қайтатын бәрі ызғардың,


Саған, апа, мәңгілік қарыздармын!


Сенің ғана арқаңда


Апатай-ау,


Жалғыз ұл ем,


Демеймін жалғыз қалдым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Інжу
Інжу 08.01.2024 21:14
Сличком қиын

Пікір жазу