14.04.2023
  62


Автор: 365 күн

24 мамырда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1905 жылы орыс жазушысы, әдебиет саласында Нобель сыйлығының лауреаты Михаил Шолохов дүниеге келді;

1941 жылы америкалық әнші, ақын, композитор, 2016 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Боб Дилан дүниеге келді;

1964 жылы украиналық музыкант, қоғам қайраткері, "Вопли Видоплясова" тобының мүшесі Олег Скрипка дүниеге келді;

1973 жылы украиналық әнші, "Евровидение-2004" байқауының жеңімпазы, Украинаның халық артисі Руслана Лыжичко дүниеге келді.

24 мамырда Қазақстанда кім туды

1921 жылы композитор, қазақ фортепианолық аспаптық музыкасының негізін қалаушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Нағым Меңдіғалиев  дүниеге келді. Оның "Домбыра туралы аңыз" атты концерттік пьесасы қазақтың фортепианолық музыкасының танымал туындысы;

1924 жылы Даңқ орденінің толық иегері, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Тайыр Тастандиев дүниеге келді;

1988 жылы қазақстандық ауыр атлет, олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин дүниеге келді. Қызылорда қаласында туған;

1994 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дүниеге келді. Витебсктегі "Славян базары 2015" байқауының гран-при иегері, ABU TV song халықаралық фестивалінің қатысушысы, "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаты, "Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін" ҚР президентінің құрмет грамотасымен марапатталған. Мәдениет саласының үздігі. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу