17.03.2023
173
Пітір садақасының құны қалай есптеледі?
Пітірдің құны садақа беруші тұрған жердегі ішпек-жемек бағасына сай салыстырмалы түрде есептеледі.
Бұл туралы "Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық" атты кітапта былай жазылыпты: "Пітір садақасы мына төрт нәрсенің кез келген біреуінің өзінен немесе құнынан беріледі. Кедейлердің кез келген қажетіне ыңғайлы болғандықтан құнын беру – абзал".
- Бидай немесе бидай ұнының уәжіп болған мөлшері: 1 келі 459 гр. немесе соның құны.
- Арпа немесе арпа ұнының уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 гр. немесе соның құны.
- Құрғатылған жүзімнің уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 гр. немесе соның құны.
- Құрғатылған кұрманың уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 гр. немесе соның құны
Алайда, бұл жазылып, қатып қалған заң емес. Мысалы, ата-бабаларымыз қорасында бар малдың саны бойынша пітір садақасын есептеген. Берілген пітір мұқтаж адамның кемі бір қажетін қанағаттандырғаны дұрыс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇