25.10.2022
  16651


Автор: Наурызбай Тағанұлы

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

Құрметті қауым! Қадірлі бауырлар!


Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етсін! Жаратушы Иеміз байтақ Отанымыз тәуелсіз Қазақстанның халқына бақ-береке бергей!


25 қазан – Республика күні араға 13 жыл салып, ұлттық мереке ретінде қайта оралды.


Республика күні – еліміздің игілігі, баға жетпес құндылық. Сол себепті бұл күннің мән-маңызын жас ұрпаққа көбірек дәріптеп, ұлттық рухты асқақтататын, айбынымызды асыратын іс-шаралар ұйымдастырып, жоғары деңгейде атап өтуіміз шарт. Себебі дана халқымыз айтқандай, «Отан отбасынан басталады». Алла Тағала Отанымызды шын сүйіп, елімізге адал қызмет етуді нәсіп етсін!


 Алла Тағала еліміздің егемендігін баянды етіп, халқымызға амандық, жерімізге тыныштық бергей! Әмин!


 


 Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айсұлу
Айсұлу 22.10.2024 07:12
Күшту

Пікір жазу