Өлеңдер ✍️

  13.10.2022
  307


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Ар

 Абайдың сөздерінен сабақ алдым,
Төбесінде тұрғандаймын қабақ, жардың.


Алдым құз, артқа жолмен қайта алмаймын,
Өз күшіммен шыңына зорға бардым.
Жастық шақ желең шөптей жайлы еді,
Өсе келе ыза шықпас сорда қалдым.
Тағдыр деген дұшпанға ерегісіп,
Әнімді жатып алып торда салдым.


Арыңды ақ көйлектей кірлетпегін,
Жаралы жатсам дағы қолда, арым!
Жеті сырлы болады жағымпаз да,


Қырым өткір болғанмен, тәнім қаза.


Ілескенмен шабыттың ізін қуып,
Үлгермедім ойымның бәрін жаза.
Жан мен тәнді тағдырға бергеніммен,


Алла алдында болсыншы арым таза.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу