АСҚАЗАНҒА СУПЕР СКРАБ

✅ Нәтиже көру үшін бір ай ішінде азанда осы пайдалы "скрабты" ішіңіз. Айдың соныңда айнада өзіңізді танымай қаласыз.

✅ Бет терісінің реңі, шашыныз, тырнақтарыңыз күшті болады, және іштегі майлар кетеді. Ешқандай зияны жок, өзім тексергенмін.

✅ Құрамы:

? сұлы жармасы (овсяные хлопья) - 5 үлкен қасық;
? су - 5 үлкен қасық;
? сут - 5 үлкен қасық;
? бал - 1 кішкентай қасық;
? жаңғақтар (кез келген) - 5.......
Кеңестер
Толық

Сіркесуын пайдаланудың жолдары

Әр ас үйінде ұзақ уақыт бойы қозғаусыз тұратын нәрселердің бірі – сіркесу. Оны үйде пайдаға асырудың жолдары бар ма?

✅ 1. Егер үйдегі кішкентай бала қабырғаға қаламмен жазып тастаса, таза сіркесуы оны тазарта алады.

✅ 2. Киім жуу кезінде, сабынды толық кетіру үшін шаю барысында ¼ стақан сіркесуын қосыңыз.

✅ 3. Киімнен дезодарант ізін кетіру үшін қолмен жуу кезінде ұнтаққа сіркесуын қосыңыз.......
Кеңестер
Толық

Күріш суының денсаулыққа пайдасы

✅ Ежелгі Қытай рецептілері тәніміздің саулығын сақтайды. Уақыттың өзі тексерген медициналық білім әдеттегі құралдар пайдасын тигізбеген кезде көмектеседі. Қытайлықтар күрішті ерекше жақсы көреді. Бұл тағамды көп тұтынатындары да кездейсоқтық емес.

✅ Дұрыс дайындалған күріш – өмірді ұзартып, ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз етіп отыратын, өте пайдалы тағам. Күріш жеп отырған кезде, ағзаңыздағы токсиндер сыртқа шығады. Асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіреді......
Кеңестер
Толық

Безеу картасы және безеуге қарсы күресу жолдары

✅ 1 және 2. Ас қорыту жүйесі - өнделген және денсаулыққа пайдасы кері тағамдарды аз жеңіз. Май үлесі аз тағамдарды көбірек тұтынған жөн.

✅ 3. Бауыр - Ішімдік, майлы тағамдар, сүтті тағамдардан бас тартыныз. Осыған қоса күніге жеңіл жаттығулар жасаңыз. Көбірек ұйықтаныз.

✅ 4 және 5. Бүйректер - көз айналасындағы барлық ақаулар (оған қоса айналасының қарайуы ) бұл бүйректердің қурап бара жатқаның көрсетеді. Көп мөлшерде су ішіңіз.......
Кеңестер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектептегі кездесу


Жүргізуші мұғалім:

- Бүгін бізде көпшілікке танымал, елге елеулі жан Бейсенбай Жұманың кластасы Аюбай ата қонақта отыр. Аюбай ата, сізді Бейсенбай Жұманың кластасы дейді ғой, сол сөз рас па?

- Бейсенбайдың кластасы екендігім рас, - деді Аюбай ата. - Бейсенбайдың өзі бізден бес жастай кішілігі бар бала еді. Өзінің зеректігімен, алғырлығымен бізді қуып жетіп алған ғой. Өзі бір кіп-кішкентай, көзі жылт-жылт еткен сүйкімді балатұғын. Бейсенбай менің артымдағы партада отырды, мен Бейсенбайдың алдыңғы жағындағы партада отырдым. Менің сабақ үстіндегі ермегім сол - мұғалімнің көзін ала беріп, Бейсенбайды танаудан шертемін ғой келіп. Артыма қараймын да, Бейсенбайды танаудан шертіп кеп қаламын. Күн ұзақ сабақ үстіндегі ермегім сол еді.

Мұғалімдер біріне-бірі қарасты. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Бүркіт аңшылығының суреттері


(Басылмаған романнан)

Аңшы өмірінде кімді болсын қызықтырып, қолға түспейтін ерекше жері — алаңсыз бостандығы. Өзге дүниенің ащы-тұщысын түгел ұмыттыратын жанды қызуы — аңшының әңгімесі, құсы, тілегі мен қуанышы, томағалы батыры, қыран серігі болады. Анда-санда алмағаны қажытпайды. Өйткені алдыңғы күн қызыл түлкінің құйрығын бұлаңдатып, алдыңнан көрсетіп тұрғандай болады.

Бір тасты қағып шығып, екіншіден томаға тартқанда жылпос қағушының алдындағы қорымға томағасы алынған жалаң бас қыран белсеніп, кірпік қақпай қалады. Жымдай қатқан жартастың жарық-жарығына от көзімен шаншылады. Сол кезде аңшы да қиялмен еріксіз алдын ала шауып: «Қазір ана жарықтан шығады, болмаса анау алаңнан, қағушының алдынан, бұлаңдап жөнеледі», — деп, аш қыранмен бірге еріксіз жалақтайды. Ұзақ күнді сол сияқты жанды үмітпен өткізіп, үйге келгенде бел шешіп жайланғаны, ас ішіп тыныққаны, алдыңғы күнге үміт артып, өткен күнгі көргенді айтып, ақын тіліндей шешен тілмен әңгіме қылғаны — қызуы мол толық өмір екеніне дау жоқ. Онымен салыстырғанда әншейін жүрген өмір шала-жансар, оты жоқ, гүлі жоқ сұр өмір сияқтанады. .....
Әңгімелер
Толық

Жыр селін төккен жүздесу

Ақпанның соңғы күнінде аудандық Мәдениет Үйінің кіші залында , келе жатқан көктемнің алғашқы лебіндей әсерлі де әдемі кеш өтті. Аудандық кітапхана ұжымының үлкен еңбегінің нәтижесінде жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл шара- аты қазақ еліне танымал арқалы айтыскер, өлеңдері республикалық басылымдарда көптеп жарияланып жүрген белгілі жазба ақын,Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің тілшісі, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойлық медалінің иегері, төрт жинақтың авторы Хасен Зәкәрияның творчествосына арналған еді. Күнілгері осы жүздесуден құлағдар болған ақынның оқырман, тыңдарман, көрермендерінің бір парасы ғана көрсетілген уақытта кіші залды лық толтырғанда, «Хасеннің ақындығын жоғары бағалайтын алыс-жақындағы жырсүйер қауым жиылып келсе, үлкен залың таршылық етер ме еді!?.»-деген ойға келгендейсің... Сонымен, кітапхана қызметкерлері Гүлнар Даутова мен Роза Кенжеханова кезектесе сөз алып, қысқаша өткізілмек шараның мақсатын айта келіп , кеш иесі-ақын Хасен Зәкәрияға төрден құрметті орын ұсынған соң, алғашқы құттықтау сөзді Хасеннің көп жылдар қызметтес болған аға жолдасы, аудандық «Рауан» газетінің редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Кәдірбек Айдархановқа берді. Кәдірбек Айдарханұлы ақынды редакцияға қызметке шақырғанда өзінің қателеспегенін, Хасен інісінің бай сөздік қорымен, тілді аса жетік меңгергенімен және өзінің туабітті еңбекқорлығымен аз ғана уақытта газет жұмысын тез игеріп, кәнігі журналист деңгейіне көтерілгенін қысқа да әсерлі жеткізді. Хасеннің қызметтегі жетістіктерінетыңдарман назарын арнайы аударып,оның журналистика саласында алар биіктері әлі де алда екеніне сенім білдірді.

.....
Әңгімелер
Толық

Табиғатпен сырласу

Жазық дала, таулы өлке, жасыл орман – айналым,
Сұлулығын кең өлкемнің – көзбен қарап тоймағам.
Қандай ғажап туған жерім, қандай ғажап, мән берсең
Сұлулығын табиғаттың – жүрек қалап тоймаған.....
Тақпақтар
Толық