Мен Қазақпын!

Мен Қазақпын!

Қосмырза Жансая
10 сынып, №25 «Ә.Молдағұлова» ЖОМ
Сарыағаш ауданы
Жетекшісі: Мусаева Б.


 Қазақ халқы -ежелден еркіндік аңсаған халық. Тәуелсіздік – қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел болуды көксеген халқымыз еркіндік пен азаттық жолында талай асудан асты. Түркі халқының ата-бабалары, яғни сақтар, ғұндар өз жері мен елінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін сыртқы жаумен күрескен Томирис, Зарина сынды сақ патшалары өздері мекендеген жерді көздің қарашығындай сақтап, ата-бабаларынан қалған ұлан-ғайыр жерді өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті. Сондықтан да біздің арғы түп ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлан-ғайыр өлкемізді қорғау біздің басты міндетіміз болуы тиіс.
Айтып өткеніміздей бостандық, теңдік тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ! Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан! Осы бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалды. Желтоқсан көтерілісі – елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес. Ежелден еркіндік аңсаған ер халықтың асыл мұраты – еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай, ел болмас, етектен кесіп жең болмас», деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке жетті. Тәуелсіздікпен бірге егемен Қазақстанның жаңа тарихының да жаңа беттері ашылды.
Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік!
Әр сөздің артарына осы арада
Ағайын, ой жіберіп жіті қара
Тәуелсіздік Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасымның жеке дара,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай бүгінде Елбасы десек тәуелсіздік, тәуелсіздік десек елбасы айға оралып, нұрлы, бейбіт, бақытты күндеріміз алтын сәулесін шашады. Еліміз тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріміз бен көрген жақсылығымыз, еліміздің қуаттануына және гүлденуіне Елбасының еңбегімен сараптау саясатының арқасы деп білеміз. Елбасы еліміздің өркендеп, өзге елдермен тереземіздің тең болып, иық тіресе биікке қарай өрлеуімізді кемеңгерлікпен ұйымдастыра білді. Ол бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жиып, татулық пен бірліктің тізгінін ұстаған кемеңгер көшбасшы.
«Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру. Қазақ елі барда қазақ тілі де болады . Өседі-өркендейді»,- деп Елбасымыз айтқандай, қазақ тілі – мәңгілік тіл деп білемін. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады. Ана тіліміздің тұғыры, тағдыры үшін бабаларымыз қам-қарекетсіз болған емес. Халқымыздың аса бай рухани құндылығы – туған ана тіліміз. Ол
– қазақ тілі. Ана тілі – әр адамның өз ұлтының жан дүниесімен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Онсыз халықтың аты бар да, заты жоқ. Осындай қасиеті мен құдіреті күшті халықтың рухани қазынасы тіл туралы ұлы тұлғалар ой қозғаған. Академик Радлов: «Қазақ тілінде түрлі мәдениетке енгізген әсері француз тілінің Еуропаға тигізген әсерімен бірдей»,- деп ана тілімізді бағалаған. Сондай-ақ Бауыржан Момышұлы: «Қазақ тілі әр түрлі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады»,- деп қазақ тілінің сан қырлы жақұттай таза, бай екендігін толық жеткізеді. Сонымен бірге « Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің шебері»,- деп Бауыржан Момышұлы өз ойын толығымен аша біледі.
Ана тілі көңіліңе гүл егер
«Ана тілі – ғұмырым» деп біле бер
Өзге тілде сөйлей білу – бір өнер
Ана тілде таза сөйлеу – шын өнер.
Міне, Қазақ жұрты өз тілінде сөйлеуді мәдениеттілік белгісі деп, ана тілін құрметтеп қадірлеген ел бола білді. Сондықтан да ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!


Қажетті сілтемелер:



«Біз қазақ деген – мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз, дәстүрімізді сақтай білген елміз»,- деп Қазыбек бабам айтқандай ен даланы жайлаған көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өзіне тән, өзге ұлттардан ерекшелейтін салт-дәстүрлері бар . Халқымыз ғасырлар бойы жинаған бай қазынасы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өз жалғасын табуда.Халқымыздың әдет-ғұрыппен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз.
Бүгінгі таңда біздің еліміз әлемде тәуелсіз Қазақстан Республикасы ретінде танымал. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өзара тату, түсіністікте өмір сүруде. Қазақ халқы осы достықтың негізі болып табылады. Отанымызды, рәміздерімізді құрметтеп, патриоттық сезімімізді нығайта түсейік . Келешекте елімізді қорғауға, өркендетуге, гүлдендіруге сапалы білім, саналы тәрбиемізбен ат салысайық.
Мен – Қазақпын! Осындай Қазақ елінде туып-өскен, өскеніме бақыттымын! Қазақ елі – мәңгілік ел. Өскелең ұрпақ барда, қазақ елі өшпейді. Асқақтай бер, Қазақстан!
Тәуба,тәуба Тәуелсіздік туының желбірегеніне де 23 жыл болып қалды.Төрт құбыламызды түгелдеп,тәуекелдің кемесіне мініп.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!