Қазақ деген халықтың баласымын...

Қазақ деген халықтың баласымын...

Әр халықтың қазынасы, баға жетпес байлығы ол – ана тілі. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Ата-бабаларымыз сан жылдар арман еткен, аңсаумен өткен тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі де – ұлттың тілі.Қазақстанымыз тәуелсіздік алғалы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып, жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, өрістеп келеді. Оған Елбасымыздың өзі ерекше ықылас танытып, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп, қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де тиісті дәрежеде қолданылуы үшін бар жағдайдың жасалуы қажеттігін қадап айтып келеді.Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қолданылу аясын кеңейтуге барлық қазақстандық мүдделі, ал қазақ тілін оқып-үйренудің қажеттілігін еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп партасында отырған шәкірттеріміздің сезінуі көңіл қуантады.Соңғы жылдары елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеруге деген ықылас арта түсуде.
Солардың ішінде біздің И. Шухов атындағы мектеп-гимназиясында білім алатын өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін жетік мең¬геріп жүрген шәкірттеріміздің қатары жыл санап көбейіп келеді. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі екінші орынға ие болған 11 сынып оқушысы Акулина Лилияны ерекше мақтан етеміз. Мемлекеттік тілге деген қызығушылығы атасы мен әжесінен оянған Лилияның мектептегі қазақ тілін терең үйренуге деген ұмтылысы зор. Лилия ата-әжесі, әкесінің татар, ал анасының шуваш ұлтынан екенін мақтан етеді, ал өзінің сүйіп жатқа оқитын шығармасы Тұманбай Молдағалиевтің «Қазақ деген халықтың баласымын» атты өлеңі:
Қазақ деген халықтың баласымын,
Ағы менен көзінің қарасымын.
Халқын мақтан ететін өр жерлерде,
Салтын сақтап жүретін бабасының...
Мұның себебі, өлеңде айтылатын ата- бабамыздан бойымызға сіңген дархандығымыз, үлкенге сен деспеуіміз, кішіпейілдігіміз бен қонақжайлығымыз, сыпайылығымыз сияқты қасиеттердің Лилияның болмысына жақындығынан болар.


Қажетті сілтемелер:



Лилия болашақта қазақ тілінің қыр-сырын жалықпай үйреніп, қазақ тілін жетік меңгерген жақсы маман болып шыққысы келеді. Сондықтан да әрдайым сабақтарда жаңа тақырыптарды игеруге, тың сөздерді үй¬ре¬нуге барынша зейін қояды. Оның мемлекеттік тілді білуге деген құштарлығы өте жо¬ғары. Сабақ үстінде зерделілік танытумен қатар, түрлі деңгейдегі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды, сонымен қатар қазақ тілінде ән айту, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым қою, т.б. арқылы Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ететінін көрсететін «сегіз қырлы, бір сырлы» оқушыларды анықтайтын түрлі деңгейдегі олимпиадаларға белсенді қатысушы..Лилия KATEV халықаралық қоғамдық қоры мен республикалық «Тіл» журналының ұйытқысымен өткізіліп жүрген «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық сайысының екі мәрте жүлдегері атанса, былтырғы оқу жылындағы облыста пәндік олимпиадада алған төртінші орнын биыл жүлделі екінші орынға ауыстырып, наурыз айында өтетін республикалық олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды.
Осы орайда, шәкіртіміздің “Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл” деген қазақ мақалын ту қылып ұстап, алдағы республикалық олимпиадада жеңіске жетуін,биылғы тестілеуден сүрінбей өтіп, қалаған мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнына оқуға түсуін тілейміз. Өйткені Қазақстанды дамыған өркениетті отыз елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі, білімді болуы керек.

Автор: Ж. Диханбаева


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Тілектес
    Тілектес 03.11.2020 12:37
    6 + 6 -
    Темірлан 6
  2. мəди
    мəди 02.11.2020 20:18
    1 + 8 -
    я хачу стат генералом
    1. абобас
      абобас 01.11.2021 18:59
      2 + 1 -
      мечтай
  3. Ctxkxu5
    Ctxkxu5 30.10.2020 15:28
    7 + 16 -
    Мықты ? ???????????????????????? шығарма