Мен Қазақтың баласы – мен Қазақпын!

Мен Қазақтың баласы – мен Қазақпын!

Мен - қазақпын! Қазақ даласының баласымын! Ол - менің мақтанышым, айбыным!

Талай заман бойына ата-бабаларымыз күшін сарп, өмірін құрбан етіп, ел мен жерді қорғап, бізге аманат етті. Осы бір өлкеде бір отбасыдай ынтымағы жарасып жүзден астам ұлт өкілі, он алты миллионнан астам адам тұрып жатыр. Әр тілде сөйлеп, әр дінді ұстанатын осынша халықтың бір мемлекетте тату-тәтті тұрып жатқанына таңданамын да. Ол бір-біріне деген жылы қатынаспен ғана емес, бауырмалдықпен де қатар жүреді. Елімізде қазақ, орыс, түрік, ұйғыр, неміс, кәріс, татар тілдерінде кітаптар мен газеттер басылып, ұлттық театрлар, эстрадалық ансамбльдер жұмыс істеп, радио мен теледидарларда ұлттық бағдарламалар жүргізіліп жатады.

Әр ұлттан құралған біздің бәріміздің басымызды біріктіретін - ортақ Отанымыз. Мұнда қазақтар да, татарлар да, орыстар да, кәрістер де бар. Бәріміз үшін бұл жер туған жерімізге айналған. Ынтымақ пен бірлікке деген талпыныс әр ұлттың қанынан табылады, әсіресе, оны қазақтардан байқай аламыз. Қазақ жері қаншалықты кеңпейіл, жомарт болса, қазақ халқы да - соншалықты қонақжай әрі кеңпейіл. Осында тұратын барша адамға қазақ тілін, тарихын, салт-дәстүрін білу парыз.

Қазақстан - тәуелсіздігін алғанына жиырма жылдан енді асса да, үлкен мүмкіндіктерге толы мемлекет. Оның дамуы қарқынды түрде жүруде. Қазір біз бала болсақ та, әлден болашаққа жоспарлар құрып, мемелекетіміздің дамуына септігін тигізер үлкен азамат болсақ деген арманмен өмір сүреміз. Сабақты жақсы оқып, мейірімді әрі кеңпейілді болып, үлкендерді құрметтеп, кішілерге ізет көрсетіп, көп нәрсені үйреніп, адамдардың қайғы-мұңына жанашырлық танытып, көмектесе білуіміз керек. Себебі бұл игі қасиеттің бәрі біздің елбасымыздың бойынан табылады.

Біз тыныш та тату өмір сүруімізге жағдай жасап жатқаны үшін елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты құрметтейміз. Әрине, әр түн сайын ұйқыға жатарда ертең аман-есен оянатынымызға, болашағымызға еш қауіп жоқ екенін сезініп, сенеміз. Өмірде одан басқа адамға не керек? Жер бетіндегі тыныштық пен бейбітшілік - әр адамның ең басты тілегі мен қалауы. 


Қажетті сілтемелер:



Жер бетінде қанша ұлт болса да, дәл қазақ болып дүниеге келгенім үшін жаратқанға сансыз шүкіршілік етемін. Бұл сөздеріммен өзге ұлт өкілдерін кемсіткім келмейді. Бар болғаны текті елдің текті ұрпағы болғаным үшін сансыз шүкіршілік етемін. Қыз болсам да, батыр-бағландардың ұрпағымын. Киелі де қасиетті Райымбек бабамның найзасының ұшы тиген ауылда дүниеге келгенмін. Құнарлы топырақтың қасиетінен айналуға әлі күнге дейін бармын. Себебі, адам баласына тектілік пен жүректегі мейірім, ақыл мен сана, ең алдымен, осы топырақ арқылы келеді.

Ең бастысы, 62 тамырымның бойымен осы батыр бабаларымның қаны ағып жатыр. Санам жаһандану салдарынан мәңгүрттеніп кетсе де, жүректегі махаббатыммен, тамырымдағы күш-қайратты ешкім менен алып қоя алмайды. Иә, өресі биік елдің алғашқы адымдары да нық болмақ. Небәрі 25 жыл ішінде адам айтса нанғысыз жетістіктерге жетіп, көптеген мемлекеттік көзайымына айналып, өзімізді өзгелерге тыңдата алып отырғанымыз көпке аян.

Жыл сайын елдің ішкі жағдайы жақсарып қана қоймай, өзге мемлекеттерді татуластыру үшін де қадамдар жасап отырмыз. Осының өзі бір қазақтың ұлының арқасы емес пе? Ал әлем ғалымдарын таңқалдырған тазалығымыз ше? Жүрек иілгенмен, алдымен, жөн сұрасып, қос ғашықтың елдерін білуге ұмтылатыны тағы бар. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының өзінде тәлім-тәрбие жетерлік. Қай жағынан алып қарасам да, қазақ болып туғаным үшін қуанамын. Болашақта тек қазақтың ұлымен көңіл жарастырып, халқымның қатарын саналы ұрпақпен толықтырсам екен деймін. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Дана
    Дана 02.11.2020 15:08
    1 + 1 -
    Што
    Ртарьмрашп

Ілмектер: мен казак елинин уланымын шыгарма казакша, мен казак елинин уланымын эссе казакша, мен тәуелсіз елдің ұланымын тақырыбына шығарма, мен казак елінің ұланымын эссе қазақша, мен казак елінің ұланымын шығарма қазақша, мен қазақ елінің ұланымын эссе, Бақытты елдің ұланымыз шығарма қазақша, Бақытты елдің ұланымыз эссе, бакытты елдин уланымыз эссе қазақша, бакытты елдин уланымыз эссе казакша, бакытты елдин уланымыз шыгарма казакша, бакытты елдин уланымыз сочинение на казахском, мен қазақтың баласы шығарма, мен казак баласымын шыгарма казакша, мен казак баласы мен казакпын казакша шыгарма, мен қазақтың баласы мен қазақпын шығарма, мен қазақпын тақырыбына шығарма жазу, мен қазақпын тақырыбына эссе, мен казак баласы мен казакпын казакша эссе