» » » Шығарма: Тарих салып берген жол

Шығарма: Тарих салып берген жол

Шығарма: Тарих салып берген жол казакша Шығарма: Тарих салып берген жол на казахском языке
Елеусинова Альбина
11 сынып, Щапов ЖОББМ БҚО,
Зеленов ауданы, Щапов ауылы
Жетекші: Тлеккабулова Багдат Таскалиевна

Менің туған өлкем – Қазақстан. Қазақстан жері -тарихқа да, мәдениетке де, салт- дәстүр мен ғұрыпқа да, ұлт пен ұлысқа да бай көне ежелгі мекен. Бұл жердің әрбір тау-тасы да тұнып тұрған тарих. Еліміз сонау ғасырдан Керей мен Жәнібектің хандығынан бастау алып, қазіргі тәуелсіз мемлекетімізге дейінгі аралықта жетіліп, өркендеген алпауыт мемлекет.
Егемен еліміздің тәуелсіздігі – ата – бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің жиырма бес жылын тойламақ. Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тереңіне үңілсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын жүрегімізбен бойлаймыз. Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың он алтыншы желтоқсанында Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған мерейлі күннен бері жиырма бес жылдан аса уақыт өтті. Тарих үшін жиырма бес жыл көп емес. Ал біздің жас мемлекетіміз үшін бұл жылдар елімізді нығайтуға бағытталған үлкен істерге толы болды. Осы аз уақыт ішінде дүние жүзі Қазақстан елінің тәуелсіздігін мойындады. Еліміз әлемдік қауымдастыққа, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Әр азаматын жігерлендіретін Әнұранымыз, мақтаныш сезім ұялататын Елтаңбамыз, ерлікке жетелейтін Туымыз, экономикалық дербестігімізді танытатын төл теңгеміз бар. Әлем картасындағы «Қазақстан Республикасы» деген атау еліміздің әр азаматының төл құжаты іспеттес. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел дерлік танылды. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт – дәстүрдің, ұлттық сананың тірегі. Тәуелсіздік – орындалған арман. Қазақ халқы ежелден – ақ үш нәрсені қасиет тұтып өтіпті. Соның бірі Отан мен туған жер екен. Қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжолов:
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далада жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман – деп, Отанға деген жүрек тебіренісін жырға қосып жеткізген. Ақын жырлағандай, менің қасиетті Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақ халқының қат – қабат тарихының басты мазмұны – азаттық үшін күрес. Елдік пен бостандық үшін күресінің байырғы скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі желтоқсанға дейін сан ғасырлық шежіресі бар. Ата – бабаларымыз өзінің жанқиярлық пен табандылық күресінің арқасында бірлік – берекесін сақтап қана қоймай, он бесінші ғасырда Қазақ хандығын құруға дәнекер болды. Тамыры тереңде жатқан, ұлан – ғайыр жерімізге көз алартып, сұқтанғандардан ата – бабаларымыз сол жерді қорғап, ұрпақтарына қалдыру үшін бүкіл ғұмырын сарп етті. Ата қоныс үшін, азаттық үшін небір сұрапыл шайқастар өтті. Дербестік үшін күрескен талай боздақтардың жаны қыршыннан қиылды… Атамекеніміз бізге ата–бабаларымыздан қалған аманат! Міне, бүгінде біз болашаққа деген жарқын сеніммен алға қарай нық қадам басып келеміз. Бізді бұл бақытқа жеткізген ата – бабаларымыздың, аяулы арыстарымыздың еркіндік үшін күресте төгілген қаны, солардың жанқиярлық ерлігі!
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім – деп Жұбан ақын жырлағандай, біз мәңгі өлмейтін халықтың ұрпағымыз!
Бүгінгі таңда егеменді елде туған әрбір қазақстандықтардың өмірі бақытқа толы деп ойлаймын. Бұған елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да қосқан үлесі зор. 25 жыл бойы ел басқарған президентіміздің тарих салып берген жолды жалғастырып келе жатқаны бәрімізге мәлім. Елбасымыз барша қазақстандықтарға үміт арқайды. Әсіресе, “Ел тағдыры жастардың қолында ” деген насихатты сөзі әлі де ел жадында. Біздер қазақ деген текті халықтың ұрпағы болғандықтан, қазақ дейтін мәңгі атымызды сақтап қалуымыз қажет. Қазақтар әрқашан бір-біріне қамқор, кішіпейіл, тату әрі ынтымағы жарасқан ел болып қала берсе, болашақта да бізді жалғастырар ұрпақтың ешқашан өшпейтіні анық. Мен – қазақ , қазақпын деп мақтанамын, Ұранға Алаш деген атты аламын. Сүйгенім қазақ өмірі, өзім – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Біз, қазақстандықтар, еліміздің ертеңі мен бүгінгісін жалғастырар, жерімізді әлемге танытар, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді сақтап қалар жалғыз ғана Қазақстанның ұландарымыз. Сондықтан да, ешқашан да бірлігімізді, елдігімізді жоғалтпайық! Көк туымыз әрқашан биіктен көтеріле берсін! Тарихымызды құрметтеп, тәуелсіздігімізді сақтап қалу тек біздің ғана қолымызда!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 39 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Ата-баба арманы - Тәуелсіз Қазақстан
Шығарма: Ата-баба арманы - Тәуелсіз Қазақстан
Шығарма: Туған жерім – тұғырым, өскен елім – өзегім
Шығарма: Туған жерім – тұғырым, өскен елім – өзегім
Шығарма: Тәуелсіздік - ұлттық өрлеудің ұлы күші
Шығарма: Тәуелсіздік - ұлттық өрлеудің ұлы күші
Шығарма: Тәуелсіздік тұғырым
Шығарма: Тәуелсіздік тұғырым
Шығарма: Бейбітшілік нұры тұнған көк аспан
Шығарма: Бейбітшілік нұры тұнған көк аспан
Шығарма: Тәуелсіздіктің бағасы
Шығарма: Тәуелсіздіктің бағасы
Шығарма: Тәуелсіздік тұғырыңнан тайма, менің Қазақстаным!
Шығарма: Тәуелсіздік тұғырыңнан тайма, менің Қазақстаным!
Шығарма: Еліміз артып отырған үлкен жауапкершілікке лайық болу – біздің тікелей міндетіміз
Шығарма: Еліміз артып отырған үлкен жауапкершілікке лайық болу – біздің тікелей міндетіміз
Шығарма: Отан оттан да ыстық
Шығарма: Отан оттан да ыстық
Шығарма: Патриоттық сезім- ана тілінің негізінде қалыптаспақ!
Шығарма: Патриоттық сезім- ана тілінің негізінде қалыптаспақ!
Балабақша сабақ жоспары: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Балабақша сабақ жоспары: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Шығарма: Менің тәуелсіз Қазақстаным!
Шығарма: Менің тәуелсіз Қазақстаным!
Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Қазақша эссе: Тәуелсіздікке - 25 жыл
Қазақша эссе: Тәуелсіздікке - 25 жыл
Шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік ел тілегі, қазақ елінің тәуелсіздігіне 28 жыл)
Шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік ел тілегі, қазақ елінің тәуелсіздігіне 28 жыл)
Құттықтау - тілек: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні
Құттықтау - тілек: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Тарих салып берген жол туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Тарих салып берген жол на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Тарих салып берген жол, шығарма Тарих салып берген жол туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском эссе сочинение про Тарих салып берген жол на казахском день независимости казакстан 16 декабря эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 дека, Шығарма: Тарих салып берген жол шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы