Тәуелсіздік тұғырыңнан тайма, менің Қазақстаным!


Сұлтанғалиев Айбек
11 сынып, №8 орта мектебі
Көкшетау қаласы
Жетекшісі: Кантарбаева Г.Р.


 Өткен ғасырдағы зұлмат жылдардан бері қарай тарих қайнауынан сыр тартсаң, қаншама мағлұмат аласың! Мағлұматтарды оқи отыра осындай дархан халықтың, осындай батыр халықтың, осындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты халықтың өмір бойы аңсағаны егемендік, тәуелсіздік екендігін көреміз. Тәуелсіздік жолында біз бір жыл, бір ғасыр ғана емес қолына найза ұстап, сақтар атанған заманнан бері қарай күресіп келдік.
Қандай қиындықтан өтсе де, елдігі мен бірлігін сақтаған заманнан, қазақ елінің алдынан шаша атты.
Тәуелсіздік – бұл біздің ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, қанды қырғындарда қорған қалған ұлтарақтай жері, жетпіс жыл бұғауланса да жойылмаған тілі мен діні. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасқан, асыл жүректі, асқақ рухты перзенттерінің күрес жолы. Қазақ халқы мың өліп, мың тіріліп жүрсе де, «келешек ұл мен қызым ұлы мақсатқа жұмылсын, елін көркейтсін, еркіндікте болсын» деп армандап өтті.
«Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау – баланың парызы», - дейді халық. Енді оны біз, жастар, жалғастыруымыз керек. Біз бүгінгінің баласы болғанымызбен, ертеңгенің бабасымыз. Сондықтан өткенді саралап, жаңаны жаңғыртып, көркейтіп, дамытушы, жалғастырушы – біз. Ол үшін тарихымызды жақсы білуіміз керек. Біз енді тәуелсіз елміз! Біз егемен елімізбен бірге есейіп, бақытты өмір сүріп келеміз. Ешбір қиыншылық көргеміз жоқ. «Қиналдырмаған істің қызығы да жоқ», - дейді даналарымыз. Ол рас, өткеннің қиыншылығын сезініп, жүрегің ауырмаса, аяушылық сезім де тумайды, намысың да оянбайды. Кеудесінде намысы жоқ адам батыр да, батыл да бола алмайды. «Мейірімділікті анадан үйрен , әдептілікті – данадан үйрен» дегендей , біздің халқымыз мейірімді, әділетті, үлкенді сыйлап өскен береке бірліктегі ел.
Үш бидің толып жатыр өсиеті,
Үлгі боп елге істеген әділеті.
Болса да талай ғасыр өткеніне,
Қалған жоқ ел ауызынан қасиеті.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін дүние жүзі, бүкіл әлем таныды. Республикамыздың өзіндік көгілдір Туы желбіреді, Елтаңбасы, Әнұраны, Ата Заңымыз бар. Мемлекеттік тіл – ана тілім, елдігіміздің ең асыл, ең мәртебелі көрінісі . Қазақстан рәміздерінің өзіндік тарихы бар. Бұл тарих – біздің халқымыздың, еліміздің тарихымен тығыз байланысты.
Қазақстан деген мемлекеттің, қазақ деген халықтың кім екендігін танытар айтулы оқиғалар болды. Енді осы тәу етер тәуелсіздігінің тұғырында тұрғанда, бүгінгі жастар - білімді де білікті, дені сау, адамгершілігі мол азаматтар болып өсіп келеді.
Ел ертеңі өз қолымызда екенін мәңгі есте сақтап, сол еліміздің болашағы үшін, бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтап, қазіргі заманға сай білімді де білікті азамат болу әрбір жастардың парызы, міндеті.
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар...
Мен 2030-ншы жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу