Туған жерім – тұғырым, өскен елім – өзегім

 Туған жерім – тұғырым, өскен елім – өзегім

Каратаева Асем
6 сынып «№48 ЖОББМ» КММ ШҚО Семей қаласы
Жетекшісі: ТунгатароваАлия Медиахметовна

Тәуелсіз ел тарихы! Ерте заман, о бастан қазақ халқы, Ел болуға талай ғасыр шайқасты Үйсін, сақтар, ғұндардың патшаменен батыры, Еуропаның төріне даңқы өрлеп жайғасты, Алла бізге сыйлады еркіндік пен елдікті, Оған қоса берген ғой сабырлық пен теңдікті Зар заманда бірігіп, жұдырық пен найзасы Қорғады ғой өле-өлгенше басқа ұлт пен теңдікті. Еділ патша ұрпағы Абылаймен жалғасып, Елдік үшін күрестік тайсалмастан сан ғасыр Бастан кешкен зар заман, отаршылдық езгісін, Болашағы елімнің, бүгінгі ұрпақ көрмесін!!!
Әдікенова Марфұға Азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы – ел тәуелсіздігіне тура жиырма бес жыл толады. Иә, бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың он алтыншы желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан-ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенін паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған қаһарман халықтың тәуелсіздігін таныған қуанышты хабар ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты. Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып, осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып замандарда азаттық үшін күрескен аталарымыздың өз аманаты алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз. Тәуелсіздік мағынасы өте зор, тамыры терең ұғым, ал тәуелсіз ел болу дегеніміз не?
«Тәуелсіз ел болу дегеніміз – кеудеңді кере демалып, еңсеңді көтере ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, әдетғұрпыңды айқын көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңді емін-еркін сөйлеу деп білем»,- деп жазады Әбдісабыр Өмешұлы (С.Аспандияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина университетінің доценті). Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ, қаншама адамдардың өмірімен, ата-бабаларымыз Отан үшін күресі арқылы келді. Моңғол шапқыншылығы, жоңғар жаугершілігі, батыс пен шығыстағы қос империяның қыспағы, патшалық Ресей отаршылығы, кеңестік жүйенің озбырлығы – бәрі-бәрі азаттық аңсаған халқымыздың үздіксіз күрес пен тартысқа толы қастерлі тарихындағы бүгінгі ұрпақтың ешуақытта ұмытуына болмайтын бабалар қанымен жазылған қасиетті кезеңдер. Міне, осылайша Жұбан ақын айтқандай «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке ұлт болып қалу-қалмауы қыл үстінде тұрған алмағайып заманда қол жеткізді. Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы екі жүзден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққан екен.
Соның ең соңғысы – тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына да жиырма бес жыл болады. Осы бір мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы көтерілісте қаншама жастарымыз шейіт болып, кейбіреулері әлі күнге дейін зардабын көріп отыр. Халқымыздың басына бұлт үйірелген сол сұм күндердің құрбандары – Қайрат Ноғайбайұлы, Ләззат Асанқызы, Ербол Сыпатайұлы және т.б. Жиырма бес жылға да тола қоймаған тәуелсіздік тарихында Қазақстан талай-талай тамаша табыстарға қол жеткізді. Солардың арасындағы ең шоқтықтысы – ТМД мемлекеттері арасынан, Азия елдерінің арасынан, мұсылман әлемі арасынан, түркі тілдес мемлекеттер арасынан бірінші болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалығына сайланғандығы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың мәлімдемесінде айтылғанындай, биылғы үшінші тамызда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі екі мың оныншы жылы желтоқсанның бірі - екісінде Астанада осы аса ірі халықаралық ұйымның Саммитін өткізу жөнінде түпкілікті шешім қабылдады. Биік беделді халықаралық ұйым Саммитінің он бір жылғы үзілістен соң біздің елордамызда өткізілуі Мемлекет басшысының сыртқы саясат саласындағы көптеген жылдардан бергі күш-жігерінің нақышты нәтижесі болмақшы. Бұл шешімнің біздің еліміз үшін қандайлық тарихи маңызы бар екенін Президент Назарбаев өз мәлімдемесінде әділдікпен әрі әдемі айтты.
Елбасымыз былай деді: “Бұл тарихи шешім – қазақстандық толайым табыстардың абыройлы айғағы! Бүгінде Қазақстан ғаламдық қауіпсіздіктің ұйытқысына, татулық пен тұрақтылықтың кепіліне, бейбітшіліктің берекелі белдеуіне айналды. Төрткүл дүниеге төрелік айтқан Қазақ елі Азия және ТМД мемлекеттері арасында тұңғыш рет беделді ұйымның Саммитін өткізеді. Қазақ елі бұрын-соңды мұндай биікке жеткен емес”. Бұл сөздер әрбіріміздің жадымызда жаңғырып жүрсе дейміз. Барша отандастарымыз өз мемлекеті Елбасысының, жаңа Қазақстанның сәулетшісі мен мемлекетқұрушысының көшбасшылығымен қол жеткізген, бұрын-соңды болып көрмеген халықаралық табысын мақтаныш етуге құқылы.
Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады. Біз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап туған Қазақстанымыздың қаз тұрып қалыптасуына, оның небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, бүгінгі шыққан биігі мен қол жеткен жетістіктеріне зор үлес қосқан барша қазақстандықтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?