Адам жануарларды қалай асырайды? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Жануарлар

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 29/03.16

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Адам жануарларды қалай асырайды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.3 Жабайы және үй жануарларын ажырату

Сабатың мақсаттары

Үй жануарларының қорасымен танысу

жабайы аңдар мен үй жануарларын ажырата білу

Жетістік критерийлері

Оқушылар жабайы және үй жануарларының ажырата алады;

Үй жануарларының төлдерін біледі;

Үй жануарларының қрасымен танысады сиырқора, атқора, қойқора, иткүрке;

жануарларды қалай күту керек екендігін біледі.

Сөздік қор

үй жануарлары күту, тамақтандыру, атқора, қойқора, иткүрке сиырқора

Құндылықтарды дарыту

Жабайы және үй жануарларын ажырата отырып, жануарға деген сүйіспеншілігін арттыру. Жануарларды қорғауға үйрету. Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәндерімен байланыс орнайды. Жануарларды қолға үйрету

Алдыңғы меңгерілген білім

Жануарлар қандай болады?

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

ОМ таныстыру

Адам қандай жануарлар асырайтынын

Үй жануарларына адамдар қандай қамқорық жасайтынын білетін боласың.

30 минут

(Ұ.Ө)

Жұмбақ:

«Кезікті бір жануар,Үстінде екі тауы бар.»- Бұл қандай мал?

Түйенің төлі қалай аталады?

«Көкке шаншып құйрығын,Шауып келеді жүйрігім»- Бұл қандай жануар екен?

Мүйізі айдай иіргенМұрнын көкке шүйіргенІрімшік пен құрт майыЖегенде тілді үйірген.

Кішкене ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар.

Табанынан тыз етiп,

Жүрсе дағы сыз өтiп.

Күнi-түнi ерiнбей,

Үйдi жүрер күзетiп

Күн батса қонақтап қалғыған,Таң атса жерден жем аңдыған.

Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?

Қалай ойлайсыңдар, неге оларды үй жануарлары деп атайды?

Төрт түлік төлдерін кім атап береді?

Қойдың төлі -қозы

Сиырдың төлі - бұзау

жылқының төлі- құлын

түйенің төлі- бота

ешкінің төлі- лақ

Үй жануарларына адам қандай қамқорлық жасайды?

Енді осы төрт түліктің тұратын арнайы орындарымен танысайық.

Сиырқора, атқора,шошқақора, қойқора, иткүрке.

Әр жануарларға арнайы қора салынады.

.

Тапсырма

Жануарларға өз қораларын табуға көмектес.

Адамның көмегіне мұқтаж жануарлар үй жануарлары деп аталады.

Адамдар оларды қоретендіреді,емдейді, күтіп баптайды,жыртқыш аңдардан қорғайды. Олай болса, төрт түлік туралы видеокөрініс көрейік.

Жеті қазына -жүйрік ат

Сиыр малын бағу

Қой сүтінің пайдасы.

https://www.youtube.com/watch?v=ZgRGydoKl7o

https://www.youtube.com/watch?v=ed7jvcfq9Z8

https://www.youtube.com/watch?v=-xG2vk3V_9Y

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды:

Сонымен қандай ереже шығаруға болады екен?

Адам баласы бағып күтетін жануарлар үй жануарлары деп аталады.

Қорегін өзі табатын жануарлар жабайы жануарлар деп аталады.

Тыйым сөздер.1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.Иесі өкпелейді.4. Жас малдың тістерін санамайды.5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

адам асырайтын үй жануарларын ажыратуда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

үй жануарларын адамдар қандай көмек көрсететінін үйренеді.

сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу