Күн мен түн қалай ауысады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Жаратылыстану

3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Күн мен түн қалай ауысады?

Оқу мақсаты:

3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру

3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

Сабақтың мақсаты:

Күн мен түннің қалай ауысатынын түсіндіру

Бағалау критерийі

Күннің тәуліктік жолын түсіндіре алады;

Тәуліктің бөліктерін атайды.

Тілдік мақсат:

Тәуліктің бөліктерін атайды, жаңа ұғымдарды қолданып, тәуліктегі күн жолының өзгерісін сипаттап береді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

күннің шығуы

күннің батуы

талтүс

түн ортасы

Құндылықтар:

Дүниетанымын кеңейту, байқампаздық, өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылары

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Жердің өз осінен айналуы, оның күн мен түннің алмасуындағы маңызын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Өткенді пысықтау

Сұрақ жауап сәті

Топтар өткен тақырыптар бойынша бес сұрақ әзірлейді. Сұрақтар ортақ себетке /қорапқа жиналады.

Кезекпен сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

  • Қазір тәуліктін қай бөлігі?
  • Тәулік бөліктері қалай аталады?
  • Тағы қандай тәулік бөлігінің атауын білесіңдер?

Күндіз, түн, кеш, таңертең

Парақтар, себет немесе қорап

Сабақтың ортасы

Пейзаждарды салыстыр.

  • Суреттер көрсету.
  • Суреттерді сипаттау.
  • Суреттерді тәулік бөлігі ретінде дұрыс ретпен орналастыру (таң, күндіз, кеш, түн).

Жеке, жұптық, топтық жұмыс.

Таң, күндіз, кеш, түннің уақыт аралығын анықтау (сағат нешеде басталатыны, нешеде аяқталатыны).

Алдымен әркім жеке анықтайды. Одан кейін жұпта талқылайды. Одан кейін топтарда ортақ шешімге келеді.

Сыныпқа хабарлайды. Сынып бойынша ортақ пікірге келу және оны тақтаға/ флипчартқа белгілеп алу.

Зерттеу жұмысы. Қажет ресурстарды тарату. Теллурий немесе үстел шамы мен глобус. Зерттеу екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

Күн мен түннің біртіндеп алмасуын көрнекі көрсету үшін Жердің Күннің айналасындағы жылдық қозғалысын және Жердің өз осінен тәуліктік айналымын көрсету

 • Глобусқа Астананың немесе жергілікті жердің орналасуын анықтап, жапсырма жапсыру. Шамды қосу, глобусты ақырын айналдыру.

 • Глобусты тоқтату. «Астана қазір Күннің тікелей сәулесінің астында орналасқан деп айтуға болады ма? Астана тұрғындарына қазір Күн жақсы көріне ме?» (жоқ, Күн енді ғана көрініп шығып келе жатыр).

 • Глобусты Астанаға барынша жарық түсетіндей етіп айналдыру.

  • Қазір қалада тәуліктің қай мезгілі?
  • Күн сәулесі қалай түседі?

• Глобусты Астана оның жарық түспейтін жағында болатындай айналдыру. «Енді не айтуға болады? Астана тұрғындары қазір Күнді қалай көріп тұр?» (көкжиектің астында).

Екінші кезең. Модельдеу

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

 Төрт немесе сегіз баладан тұратын топтарға бөліну. Парақ тарату. Көкжиек сызығы бейнеленген және жоғарғы бұрышында көкжиектің төрт бұрышына бағытталған бағыттама көрсетілген үлгіні көрсету.

 • Топтың әр мүшесіне тірек сөздерді тарату.

 • Осы тірек сөзге байланысты парақтың тиісті бөлігіне Күнді салу (Мысалы, Күннің шығуы – шығыста, көкжиектің астында. Талтүс – жоғары, шамамен парақтың ортасында. Күннің батуы – батыста, көкжиектің астында. Түн ортасы – Күн жоқ).

 • Әр топ жартылай дұрыс шеңбер құрып, өз суреттерін бір сызық бойында болатындай етіп көтеруі тиіс. Осылайша Күннің тәуліктік жолының болжамды траекториясы жасалуы тиіс.

Қорытынды жасау. Күннің аспан бойымен тәулік ішінде қалай қозғалатынын бақылайды, көреді, түсінеді. Зерттеу жұмысынан кейін алынған Күннің тәуліктік жолын диаграмма-графика түрінде бейнелеу.

Ойлан. «Таң атпайын десе де, күн қоймайды» мәтелін түсіндіру. Неліктен таңның атуы, кештің батуы тоқтамайды? Сызба арқылы бейнелеуді ұсыну.

Сен білесің бе? Глобуста полюстерді көрсету. Олардан Жер осі өтеді.

Олардың орналасуында қандай ерекшелік бар? (остің көлбеу болу себебінен бұл жерлерге Күн сәулесі ұзақ уақыт бойы түседі немесе керісінше, мүлде түспейді.).

Поляр күні мен поляр түні туралы не білесіңдер? (Поляр түні түн деп аталғанымен, ол ымыртқа ұқсайды. Күн көкжиектен көп түспейді де, сәулелері көрініп тұрады)

Дәптермен жұмыс. 21-жұмыс парағы. «Тәулік мезгілі»

Өзіңді тексер! Сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағанды сызу.

22-жұмыс парағы. «Таң атқаннан күн батқанға дейін»

Тәулік мезгілдерін бейнеле. Сурет атауына қарап, Күнді бейнелеу. Содан кейін, олар суреттерді дұрыс ретпен нөмірлей алады.

 • теллурий немесе глобус пен үстел шамы;

 • жапсырмалар/стикерлер;

 Интернет-ресурстар:

• Поляр күні мен түні туралы бейнекөрініс.

Поляр түні

https://www.youtube.com/watch?v=wab_Y-WGQ6c (орыс тілінде)

Сабақтың соңы

Сабақта не үйрендік?

Ұғымдарды пысықтау. Тәулік бөліктерін атау.

Рефлексия. Парақшаға жұлдыздар салу

А) Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіре аламын – 5 дөңгелекБ) Өзім түсіндім, бірақ басқаға түсіндіріп бере аламын деп ойламаймын – 4 дөңгелекВ) Толық түсінуім үшін бәрін қайталауым керек – 3 дөңгелек

Топтық жұмысқа оқушыларды біріктіргенде саралау.

Сұрақ қою барысында саралау.

Тапсырма орындау барысында саралау

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

- мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау, бағыттау);

- топтардың өзара бағалауы;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

- оқушылардың жазбаша кері байланысы;

- оқушылардың жауабын, іс-әрекетін бақылау;

- Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу