ата анамен жұмыс жоспары


        

«Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      

Сынып жетекшісі: Г.Бегаулова

 

 

 

 

2023-2024 оқу жылы

 

 

 

 

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,

                       тәрбиесіз     берілген      білім-адамзаттың     қас жауы,

                      ол келешекте     оның    барлық     өміріне апат әкеледі»

Әл-Фараби

 

Мақсаты:
Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

 

 

  • Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағынды "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құқығы,әрі парызы"деп атап көрсетілген.
  • "Қазақстан - 2030" бағдарламасында "Әкелер мен аналардың,аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін ата- аналар күнделікті есте ұстауға тиісті"делінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                              " БЕКІТЕМІН"

                                                                                             «Ш.Уалиханов атындағы

                                                                                          мектеп-гимназиясы»

                                                                                   КММ директоры

                                                                                                    __________ Е.Ж.Кулбаев

 

3"В" – сыныптың   2023-2024 оқу жылындағы

ата-аналармен жұмыс

ЖОСПАРЫ

Атқарылатын іс-шаралар тақырыбы

Мерзімі

Жауапты

 

                                      1 отырыс

 

 

1

Сынып  ата-аналарымен жиналыс өткізу

1.Жаңа оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау

2.Жаңа оқу жылына қойылған мақсат, міндетпен таныстыру

Қыркүйек

Сынып жетекшісі

 

                                         2 отырыс

 

 

2

Отбасы – бақыт бесігі

1 тоқсан қорытындысы

Әр түрлі мәселелер

Қараша

Сынып жетекші

 

 

                                           3 отырыс

 

 

3

Білімдіге дүние жарық.

Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай

 көмектесеміз?

ІІ тоқсан қорытындысы. Әр түрлі мәселелер

қаңтар

Сынып жетекші

 

 

                                             4 отырыс

 

 

4

Әрбір бала – жарық жұлдыз»

Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер

Тәліммен өрілген біздің дәстүр

Дәстүрлер отбасылық әл ауқаттың негізі

ретінде

ІІІ тоқсан қорытындысы. Әр түрлі мәселелер

ақпан

Сынып жетекші

 

5

Баланы жастан...

Бала бойындағы

тапқырлық пен

эрудицияны қалай дамытуға болады?

 

сәуір

Сынып жетекші

 

 

 

                                                   5 отырыс

 

 

6

Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны

 

Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?

Сенім арту – жетістік кепілі

Қиын жағдайда

баланы қалай қолдау керек?

мамыр

Сынып жетекші

 

 

 

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

  1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
  2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
  3. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
  4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, пеадагогикалық білімдер жетілдіру универсистеттерінде лекторияларды, семинарларға, ғылыми практикалық конференцияларда, ата–аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі.

Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

1.Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық қөзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата–аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдары қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұнымен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарынан қатысты мәселелерімен ата–аналарды таныстырады.

  1. 2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалар әлеументтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауынан сенімін орнықтырады. Дегенменде педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижесі ата – аналардың психологиялық педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда. Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.

 Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды көздейді. Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады:

- сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.;

- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);

- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.;

- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

- балалардың аула клубтарын құруға;

- мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.

  1. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.
  2. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері

   Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналарға  психологиялық-педагогикалық

тұрғыдан берілетін

КЕҢЕС.

   Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз.
Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.
1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.
Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;
7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.
Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса;
ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекшінің міндеті:


  1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу;
    2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту;
    3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту;
    4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу;
    5. Ата-аналар комитетімен кездесу;
    6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету;
    7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс;
    8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-ананың міндеті

  1. Баланың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болу;
    2. Сабақтан келген баланың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
    3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
    4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
    5. Мектептегі ашық есік күні баланың сабағына қатысу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекшінің ата-аналармен жұмыс жасау түрі.

  1. Оқушының жанұясына барып тұру.
    Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.

    Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

    2. Ата-аналармен хат алмасу.
    Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады.
    Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады.
    Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады.
    Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады.
    3. Сыныптық ата-аналар жиналысы.


Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.
Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Сынып жетекші ең бірінші жетекшілік етіп отырған сыныптың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

  1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
    2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.
    3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
    4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.
    5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
    6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.
    7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.
    8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
    9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.
    10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.
    11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
    12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.
    13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.
    14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:
    1. Сынып жетекшісі;
    2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);
    3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
    4. Әлеуметтік педагог;
    5. Мектеп басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ШОҚАН УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

3"В" сынып  ата-аналарымен өткізілген  жиналыстың

 хаттамасы №1

 

 

Өткізілген уақыты : 16.09.2023ж.

Қатысқаны: 22

Қатыспағаны:

 

                                          Күн тәртібінде:

  1. «Жол ережесін сақтау және құқық бұзушылықтың алдын-алу» (баяндама).
  2. Ата-аналар комитетін сайлау.
  3. Әр-түрлі мәселелер.

 

 

                                             Тыңдалды:

  1. Жол ережесін сақтау және құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ата-аналарға оқушылардың кешкі сағат 20.00-ден кейін далаға шықпауы және бейсауыт жүрмеуін қадағалау ескертілді.Жол қауіпсіздігін  сақтау мақсатында оқушылардың жол ережесін қатаң сақтауы және үлкен жол өтпелерінен өткенде абай болуы, тиым салған жерлермен жүрмеуі ескертілді.
  2. Ата-аналармен бірлесе талқылау нәтижесінде ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Оспанова, мүшелері А.Давлетова мен М.Серикбаева сайланды.
  3. Әр-түрлі мәселелер бойынша , оқушылар қосымша толықтай оқулықпен қамтылуы және мектеп формасын киуі, әр-түрлі тері ауруларынан сақтану мақсатында гигиеналық талаптарды сақтауды ата-аналар өз тараптарынан жіті қадағалауы тапсырылды.

                                           Қабылданған шешім:

  1. Оқушылардың кешкі 20.00-ден кейін көшеге шықпауы және жол ережесін сақтауы ата-аналарға тапсырылсын.
  2. Ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Оспанова, мүшелері А.Давлетова мен М.Серикбаева сайлансын.
  3. Оқушылар ата-аналар тарапынан қосымша оқулықпен қамтылсын.

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісі:                          Бегаулова Г.А.

Ата-ана комитетінің төрайымы

хатшы :                                              Оспанова Ж

 

 

 

«Жол ережесін сақтау және құқық бұзушылықтың алдын-алу»

 

Мақсаты:

 Ата-аналарды әкімшілік құқық бұзушылықтармен таныстырып, онда қолданылатын шараларды айтып, қылмыстық құқық бұзушылық  пен әкімшілік құқық бұзушылықтан айырмашылығына тоқталып, мысалдар қарастыру.Оқушылардың жол ережесін сақтауына ата-аналар арқылы ықпал жасау.

 

Әкімшілік құқық бұзушылық.

 

   Заңдық  жауапкершіліктің ерекше түрі әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Мұнда заңдық  жауапкершіліктің барлық түрлері бар: құқық нормасының негізі бойынша, мемлекеттік мәжбүр ету бойынша құқық нормасының бұзылуы.

    Осымен бірге әкімшілік жауапкершіліктің өзінің ерекше түрлері бар. Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық ты бұзғандар тартылады. Әкімшілік құқықты бұзушылық дегеніміз не? Бұл- басқарма белгілеген мемлекеттік тәртіпке, азаматтың құқығы мен бостандығына қол сұғушылық сияқты құқық бұзушылық (тәртіпсіздік). "Әкімшілік құқық бұзушылық" пен "әкімшілік тәртіпсіздік" дегендер бір-біріне ұқсас ұғымдар. Әкімшілік тәртіпсіздік- заңды бұзған іс-әрекет. Әкімшілік жауапкершілікке адам егер осы үшін жауапқа тартылады деп белгіленген нақтылы құқықтық норманы бұзған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылуы жатады. Егер адамның іс-әрекеті әкімшілік жауапкершіліктің ешқандай нормасына сәйкес келмесе, онда әкімшілік жазалануға жатпайды. Әкімшілік  тәртіпсіздік- нақтылы факті болуы керек. Ол төрт элементтен тұрады; тәртіпсіздіктің обьектісі; тәртіпсіздіктің субьективтік жақтары.

 Әкімшілік тәртіпсіздіктің субьектісі әкімшілік қабілеттілігі бар адам болып табылады. Әкімшілік жауапкершілікке істеген тәртіпсіздігіне орай 16 жасқа толған азаматтар тартылады.

 Әкімшілік тәртіпсіздіктің обьектісі заңмен қорғалған қоғамдық қатынастар болып табылады.Әкімшілік тәртіпсіздік- басқарма белгілеген тәртіпке қарсы бағытталған, мемлекттік және жекеменшікке, адамның құқығы мен бостандығына бағытталған тәртәпсіздік. Көріп отырғанымыздай, осы обьектілер заңмен қорғалады. Әкімшілік қылмысқа қарағанда, әкімшілік тәртіпсіздіктің тигізетіне зияны азырақ және қауіптілігі де аз.

Әкімшілік тәртіпсіздіктің субьективтік жағы- бұл субьектінің өз іс-әрекетіне (әрекеттілікке немесе әрекетсіздікке) психикалық  қатынасы. Былайша айтқанда, бұл-әкімшілік тәртіпсіздіктің кінәсі. Кінә әдейі және байқаусызда жасалуы мүмкін. Адам саналы түрде, әдейі өзінің іс-әрекетімен заңды бұзады. Өзінің іс-әрекетінің артында болатын зардабын да біле тұрып, жағымсыздық қылыққа барады. Мысалы, жаяу адам көшеде келе жатып, қызыл түстінің жанып тұрғанын көре тұрып көшеден өтеді. Соның салдарынан өзі де, басқа да зардап шегеді, жолға қауіпті жағдай туғызады (автомобиль апаты болуы да мүмкін). Егер адам ісінің арты зардапты біле тұрып, жеңіл ойлықпен, қайтер дейсің деп іс-әрекетке барса, мұны аңдаусызда жасалған әкімшілік тәртіпсіздік деп таниды.

Әкімшілік тәртіпсіздіктің обьективті жағы әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын әрекетсіздік болып табылады.

Тек әкімшіліктік жоғарыда көрсетілген төрт түрін түгел жасаған адам ғана, егер кінәлі деп табылса, әкімшілік шара қолдану үшін әкімшілік жауапқа тартылады. Әкімшіліктік жаза- құқығына, мүлкіне шектеу жасалатын (ақшалай айып, мүлкін тәркілеу т.б.) мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Мұндай жазаны (немесе шараны) арнайы органдар және лауазымды адамдар- автоинспекция, санитарлық инспекция, балық күзететін инспекция сондай-ақ сот тағайындалады. Заң үкімшілік жазаның төмендегідей түрлеріне қарастырады:

Ескерту. Ұсақ әкімшілік бұзушылыққа жазбаша қаулы қабылдау түрінде ескерту шарасы қолданылады. Кінәлі адамға өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы болғандығы айтылып түсіндіріліп, ойындай кемшілігін жою және бұдан былай болдырмауға міндетті екенін ескертеді.

Айып салу. Бұл-мүлікті көріністегі шара. Келтірілген зиянын мөлшеріне қарай айлық-табысын еске ала отырып, белгілі мөлшерде төлетіледі.(мысалы, ұрланған мүліктің он еселік бағасы)

Тәртіпсіздік әрекеті үшін бұйымды иесінен алу жазасы. Мұның мәнісі-тәртіпсіздік істелген құралды мәжбүр ету жолымен алу (мысалы,балық аулау құралы). Құралды алады да, иесіне шығарылған шығыннан басқа құны қайтарылады.

Тәркілеу жазасы. Тәркілеуге тәртіп бұзудың тікелей обьектісі болған құрал-сайман жатады. Мұндай жағдайда зат иесіне қайтарылмай, мемлекет меншігіне беріледі. Құқық бұзушылық меншігіндегі нәрсе ғана тәркіленуге жатады.

Арнайы құқығынан айыру. Бұл шара арнайы құқығы бар құқық бұзушыларға қолданылады. Мысалы, аң аулау құқығы, көлік жүргізу құқығы.

Еңбекпен түзеу жұмыстары- кінәлі адамның тұрақты жұмыс орнында шағын мерзіммен беріледі.

Жол ережесі.

Жол дегеніміз - тек қана көлік жүретін негізгі бөлік пен жаяулар жүретін тратуардан ғана тұрмайды. Оның элементтері деп аталатын құрамдас бөліктері де болады. Жол - қозғалыс үшін қолданылатын аумақ, көше бұрылыс т.с.с. жер жолағы. Жол деген сөздің өзі көлік түрлері мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл - қалалар және елді мекендер, көшелер мен бұрылыстар олардан тыс жерлердегі жолдар. Жол негізінен көлік пен жүргіншілерге арналған деп екі бөлікке бөлінеді.

Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір автомабиль жол жиегіне тақау жүрсе, баланы қағып кетуі де мүмкін. Сол себепті жол жиегінен басқа жерде ойнағандары дұрыс!

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 114
  1. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:52
    0 + 0 -
    555
  2. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:46
    0 + 0 -
    555
  3. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:45
    0 + 0 -
    555
  4. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:44
    0 + 0 -
    555
  5. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:44
    0 + 0 -
    555
  6. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:44
    0 + 0 -
    555
  7. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:44
    0 + 0 -
    555
  8. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:44
    0 + 0 -
    555
  9. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:43
    0 + 0 -
    555
  10. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:43
    0 + 0 -
    555
  11. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:42
    0 + 0 -
    555
  12. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:42
    0 + 0 -
    555
  13. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:41
    0 + 0 -
    555
  14. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:40
    0 + 0 -
    555
  15. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:39
    0 + 0 -
    555
  16. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:39
    0 + 0 -
    555
  17. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:38
    0 + 0 -
    555
  18. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:38
    0 + 0 -
    555
  19. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:38
    0 + 0 -
    555
  20. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 08:38
    0 + 0 -
    555