Күн мен түн қалай ауысады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Жаратылыстану

3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Күн мен түн қалай ауысады?

Оқу мақсаты:

3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру

3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

Сабақтың мақсаты:

Күн мен түннің ауысуының Жердің өз осінен айналуының салдарынан болатынын түсінеді

Бағалау критерийі

Күннің тәуліктік жолының қалай өтетінін түсіндіреді

Тәуліктің бөліктерін сипаттай алады

Тілдік мақсат:

Тәуліктің бөліктерін атайды, жаңа ұғымдарды қолданып, тәуліктегі күн жолының өзгерісін сипаттап береді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

күннің шығуы

күннің батуы

талтүс

түн ортасы

Құндылықтар:

Дүниетанымын кеңейту, байқампаздық, өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылары

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Жердің өз осінен айналуы, оның күн мен түннің алмасуындағы маңызын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой қозғау. Нені өлшеуге болады?

Нені өлшеуге болатынын атау (ұзындық, масса, заттарды санау, уақыт)

Тақырыпқа кіріспе тапсырмасы. «Өлшем бірліктері». Суретте берілгендерді қандай уақыт бірліктерімен өлшейтінін анықтау (1 – сағат/сағат, минут, 2 – аудармалы күнтізбе/апталар, тәуліктер, 3 – секундомер/секунд, 4 – жылдық/ айлық күнтізбе).

–Жыл неден құралады? (айлар, апталар, күндер). –Апта неден құралады? (тәулік).

–Тәулікті қандай бөліктерге бөлуге болады?

–Қашан ұйқыға жатасың? Таңғы асты қашан ішесің? (таң, күндіз, кеш, түн.)

–Таң, күндіз, кеш, түн – бұлар нелер? (Тәулік бөліктері)

Сабақтың тақырыбын мақсатын айқындау.

Сонымен, біз бүгін сабақта нені оқып білеміз?

(Тәулік, уақыт, мезгіл, т.с.с.)

Сағат, күнтізбе, секундомер немесе суреттері

Сабақтың ортасы

Пейзаждарды салыстыр.

Суреттерді сипаттау.

Саралау. Кейбір оқушылар дала туралы сипаттама-әңгіме құру.

  • Пейзаж деген не? (табиғатты суреттейтін бейнелеу өнерінің жанры)
  • Суреттер несімен ерекшеленеді? (әртүрлі тәулік мезгілдері)
  • Суреттерді атау (мысалы, «Даладағы таң», «Күндіз», «Даладағы кеш», «Түнгі дала»).
  • Суреттерді ретімен орналастыр (таң, күндіз, кеш, түн).
  • Неліктен осы ретпен орналастырдың? Түсіндір. Кімге қандай пейзаж ұнайды? Неліктен?
  • Адамдар таңды не үшін жақсы көреді? Кешті ше?
  • Таң қашан басталады?
  • Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар үшін таң қашан басталады?
  • Саған тәуліктің қай мезгілі ұнайды?
  • Түрлі тәулік мезгіліндегі табиғат туралы өлең/тақпақ айта аласың ба?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Зертте. Берілген тапсырма екі кезеңде орындалады.

Зерттеу барысы:

Бірінші кезең.

 Күн мен түннің біртіндеп алмасуын көрнекі көрсету үшін Жердің Күннің айналасындағы жылдық қозғалысын және Жердің өз осінен тәуліктік айналымын көрсетуге арналған құралды – теллурийді, егер жоқ болса, үстел шамы мен глобусты пайдалану. Осы кезеңде сұрақтар қоя отырып, тәжірибе көрсету.

 • Глобусқа Астана немесе оқушылар тұратын елді мекен орналасқан жерге жапсырма жапсыру. Шамды қосу. Глобусты ақырын айналдыра бастау.

 • Жапсырма шам жарығы түсетін аймаққа жеткен кезде глобусты тоқтату.

–Астана қазір Күннің тікелей сәулесінің астында орналасқан деп айтуға болады ма?

–Астана тұрғындарына қазір Күн жақсы көріне ме? (жоқ, Күн енді ғана көрініп шығып келе жатыр).

 • Глобусты Астанаға барынша жарық түсетіндей етіп айналдыру.

–Қазір қалада тәуліктің қай мезгілі?

–Күн сәулесі қалай түседі?

• Глобусты Астана оның жарық түспейтін жағында болатындай етіп айналу.

–Енді не айтуға болады?

–Астана тұрғындары қазір Күнді қалай көріп тұр? (көкжиектің астында)

 2 Екінші кезең

Сыныпты төрт адамнан тұратын топтарға біріктіру. Оқушыларға парақтар таратып беру. Көкжиек сызығы бейнеленген және жоғарғы бұрышында көкжиектің төрт бұрышына бағытталған бағыттама көрсетілген үлгіні көрсету.

 • Әрбір топ мүшесі тірек сөздердің біреуін таңдайды.

 • Парақтың тиісті бөлігіне Күнді салу (Күннің шығуы – шығыста, көкжиектің астында. Талтүс – жоғары, шамамен парақтың ортасында. Күннің батуы – батыста, көкжиектің астында. Түн ортасы – Күн жоқ).

 • Әр топ жартылай дұрыс шеңбер құрып, өз суреттерін бір сызық бойында болатындай етіп көтеруі тиіс. Осылайша Күннің тәуліктік жолының болжамды траекториясы жасалады.

 • Бірнеше тәуліктегі Күннің тәуліктік жолын құрастыру. Ол үшін барлық оқушыларға реттілік бойынша жартылай шеңбер құрып тұрады (таң ату, талтүс, кеш бату, түн ортасы).

Қорытынды жасалады. Балалар Күннің аспан бойымен тәулік ішінде қалай қозғалатынын түсінеді. Зерттеу жұмысынан кейін алынған Күннің тәуліктік жолын диаграмма-графика түрінде бейнелеу. Содан соң оларды бір кестеге «қосуға» болады.

–Қандай сызық шықты? (толқынды).

–Ол нені көрсетеді? (бұл диаграмма Күннің күнделікті тәуліктік жолын көрсетеді)

Берілген тапсырма жоспар бойынша жүргізілген эксперимент нәтижесін диаграмма түрінде жазу, қорытындыны тұжырымдау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Ойлан. Әңгімелесу және топтық не жұптық жұмыс.

–Неліктен «Таң атпаймын десе, Күн қоймаймын» деп айтады?

–Пікірге инфографика, сызба, сурет арқылы бейнелеп көрейік.

Топ не жұпта инфографика жасау. Таныстыру, түсіндіру.

ҚБ. Өзара бағалау.

Сен білесің бе? Глобустан полюстерді - жер осі өтетін тұсты көрсету.

–Олардың орналасуында қандай ерекшелік бар? (остің көлбеу болу себебінен бұл жерлерге Күн сәулесі ұзақ уақыт бойы түседі немесе керісінше, мүлде түспейді)

Поляр күні мен поляр түні туралы ақпарат Поляр түні түн деп аталғанымен, ол көбірек ымыртқа ұқсайды. Күн көкжиектен көп түспейді де, сәулелері көрініп тұрады. Бейнефильм көрсету.

Дәптермен жұмыс. 21-жұмыс парағы. «Тәулік мезгілі»

Өзіңді тексер! Оқушылар өздігінен сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағанды сызады.

22-жұмыс парағы. «Таң атқаннан күн батқанға дейін»

Тәулік мезгілдерін бейнеле. Суреттердің аттарына қарап, Күнді бейнелейді. Содан кейін, олар суреттерді дұрыс ретпен нөмірлейді.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы

Ынталы оқушыларға қосымша тапсырма

Тәулік мезгілдері туралы жұмбақтар ойлап шығару немесе түрлі дереккөздерден іздестіру.

Тәуліктің төрт мезгілі бейнеленген суреттер,

теллурий немесе глобус пен үстел шамы;

жапсырмалар/ стикерлер;

Интернет-ресурстар:

Поляр күні мен түні туралы бейнекөрініс.

Сабақтың соңы

Рефлексия. Парақшаға жұлдыздар салу

А) Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіре аламын – 5 жұлдызБ) Өзім түсіндім, бірақ басқаға түсіндіріп бере аламын деп ойламаймын – 4 жұлдызВ) Толық түсінуім үшін бәрін қайталауым керек – 3 жұлдыз

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қосымша тапсырма арқылы саралау

«Өте жақсы!», «Жақсы!», «Талпын!» сияқты қысқа комментарий сөздерімен өзара бағалау. Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Комментарий арқылы ауызша кері байланыс беріп бағалау.

Парақшаға жұлдыздар салу

Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу