Адал ұрпақ жоспар
Бекітемін:
Мектеп директоры
________________А.Ақназаров
« » _____ 2019 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының 2019-2020 оқу жылына арналған жоспары
№ | Іс шараның атауы | Ұсынымдар | Мақсатты топ | Мерзімдері |
1 | «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарын бекіту | жоспарын жасақтау | 5-11 сыныптар оқушылары | қыркүйек |
2 | «Парасатты азамат» бұрышын жасақтау | 5-11 сынып кабинеттерінде | 5-8 сыныптар патриотизм, ар-ұят, абырой, әділеттілік және тәртіп, жауапкершілік; 9-11 сыныптарға жемқорлыққа қарсы бағытында болуы керек. | қыркүйек |
3 | «Қоғамдық тәртіп» пікірталас | 9-11 сыныптар оқушылары | «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру; «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?» тақырыптарында пікірталас өткізу. | қазан |
4 | «Қазақстан – құқықтық мемлекет» айлығы | 5-7сынып 8-9 сынып 10-11 сыныптар | «Сынып басшысын сайлау» «Мемлекеттік қызмет- өмірлік ұстаным» «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» мемлекеттік қызметшілермен кездесу; | қараша |
5 | «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» | 5-6 сынып оқушылары | Жалпы азаматтық құндылықтарын кеңінен насихаттау бағытында сынып сағаттарын өткізу | қараша |
6 | «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойын | 5-8 сыныптар | Іс-шараның басты мақсаты- «сервистік алаң» екендігін түсіндіру. Халыққа қызмет көрсету спекторының барлық саласын көрсету болып табылады. | желтоқсан |
7 | «Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» жобалар байқауы | 9-11 сыныптар | Бір ай ішінде оқушылар өткен жылғы аймақтық баспасөз мониторингін өткізу керек.Сол бойынша жемқорлық картасын жасақтау | қаңтар |
8 | Театрлық қойылым | 5-7 сыныптар | Балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын қойылым көрсету. | ақпан |
9 | «Мемлекеттік қызмет- елдің мүддесіне адал еңбек» шығармалар байқауын өткізу | 7-8 сыныптар | Өскелең ұрпақ арасында мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың адал қызмет жасауға және күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген маңызды институт ретінде түсінуін насихаттау. | Наурыз |
10 | «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы | 9-11 сыныптар | Ашық және қоғамға есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешеудегі Қазақстанның жетістіктерін көрсету. | Сәуір |
Дайындаған: тәлімгер А.Тилеуова
«Бекітемін»
«Бейнеу лицейі» директоры
_________ С.Жұбанов
2017-2018 оқу жылы бойынша мектеп ортасында
жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін
қалыптастыруға арналған бағдарлама
1. Жалпы Ережелер
1.Осы мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие құрамында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама )тәрбиенің Концептуалдық негіздеріне, мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие құрамында қалыптастыру Бағдарламасына сәйкес әзірленіп Бейнеу лицейінде 5-11 сынып оқушылары үшін жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс шараларын қамтыған тәрбие жұмысын жүргізу ретін анықтайды.
2.Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
2.Осы Бағдарламаның мақсаты жоғары адамгершілікті, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат пен патриот қалыптастырып дамыту.
3. Нұсқалған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады:1) рухани-игіліктілік пен азаматтық- патриоттықты тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;2) білім алушылардың мемлекеттік үкімет институттарына сенімін арттыру;3) білім алушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;4) білім алушылардың жемқорлыққа қарсы сипатты игілікті-әдептік құндылықтарын қалыптастыру.
4.Кешенді ісшараларды өткізу үшін келесі тәрбие түрлері пайдаланылады:1) адамгершілік тәрбиесіморальдық-әдептілікті, әр оқушының жемқорлыққа шыдамсыздығын қалыптастыруға бағытталған;2) әлеуметтік-құқықтық тәрбие азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың мәні туралы түсінік алуға, құқықтары мен міндеттеріне, құқықтық нормаларды сақтау қажеттігіне көз жеткізуге, жемқорлықтың қоғам үшін қауіптілігін түсінуіне бағытталған;3) эстетикалық тәрбие мектеп оқушыларының эстетикалық ұнатынымы мен қоршаған болмысқа тілектестік және отан сүйгіштік қатынас қалыптастыруға жағдай жасайтын өнер туындыларының, әдебиеттің көркемдігін түсінушілігін дамытуға бағытталған.
3.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
5. Тәрбиелік жұмыстар Бейнеу лицейінде ұйымдастырылады.
6.Тәрбие жұмысын басқару ДТЖО Г.Әжібаеваға, тәлімгер А.Жалғабаеваға жүктеледі
7. Мектепте мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетін,мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға деген ынтасын қалыптастыруға, білім мен мәдениет деңгейлерін арттыруға бағытталған шаралар кешені өткізіледі.
8.Мектепте құрылған ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубы тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысып қолдау жасайды.
9. Тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық негізі:1)2017-2018оқу жылына мектептің тәрбие жұмысының кешенді жоспары;2) сыныптың тәрбие жұмыс жоспары;3) Ерікті«Адал Ұрпақ»мектеп клубының жұмыс жоспары мект.
10. Осы бағдарламаның 9 тармағында қарастырылған жоспарлар мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырубойынша тәрбие жұмысы модельдік жоспарға сәйкес қалыптастырылады (қоса беріледі).
11. Жоспарда тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық ұйымдармен, жемқорлықа қарсы әрекет жасауға өкілетті органдарымен және басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттерге бағытталғанкүнтізбелік іс шаралардың өткізілуі беріледі.
12. Тәрбие жұмысын жүргізуге азаматтар және қамқорлық кеңестері, ата-аналар комитеті, қоғамдық бірлестіктер, жемқорлыққа қарсы тұруға өкілетті және басқа мемлекеттік органдар қатыса алады.
4. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы
13. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері болып мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайтуға ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шараларға қатысу.
14.«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы келесі сипатты секциялардан тұрады: жемқорлыққа қарсы білімдер; Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық; жаппай мәдениеттік шаралар.
15.Жемқорлыққа қарсы білімдер секциясы лекциялар, «дөңгелек үстелдер және басқа ағарту шараларын ұйымдастыруға қатысады .
16.Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық секциясы үздік бейнеролиқтер,суреттер, шығармалар сайыстары мен шараларды ұйымдастыруға қатысады.
17.Жаппай мәдениеттік шаралар секциясы науқандар, флэш-мобтар, диалогтік алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдары,мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа әлеуметтік-мәнде шаралар ұйымдастыруға қатысады.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы туралы ереже
1. Ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубының Негізгі мақсаттары мен міндеттері мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шаралар ұйымдастыруға қатысу болып саналады.
2. Ұжым:10 -сынып оқушылары .
3. Құрылымы
Ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубы келесі сипатты секциялардан құралған:
- Жемқорлыққа қарсы білімдер;
- жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық;
- жаппай- мәдени іс шаралар.
3.1 Жемқорлыққа қарсы білімдер секциясы дәрістер, «дөңгелек үстелдер» және басқа да ағартушылық шараларын ұйымдастыруға қатысады.3.2 Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар шаралары мен сайыстарын ұйымдастыруға қатысады.3.3 Жаппай- мәдени іс шаралар секциясы науқандар, флэш-мобовтар, диалог алаңдарын, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарымен,мемлекеттік органдармен кездесулер және де басқа әлеуметтік-мәндішаралар ұйымдастыруға қатысады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?